Популярные темы

Алматыдағы тәртіпсіздіктер: ұсталғандардың қаншасы қарақшы? 17 января 2022, 09:25

Дата: 17 января 2022 в 09:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыдағы тәртіпсіздіктер: ұсталғандардың қаншасы қарақшы?
                17 января 2022, 09:25
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 2300 адам ұсталған. Бұл туралы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Терроризмге қарсы операция басталғалы ішкі істер органдарына жалпы 2300 адам жеткізілді. Олардың 236-сы қарақшы және жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар болды, олар қамауға алдынды. 84 адам комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. 

7 қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасалғаны белгілі, онда 1347 қару ұрланған. Осыған байланысты арнайы тергеу тобын құрып, қабылданған шаралардың арқасында 127 қару тәркіленді. Оның 58-і аңшылық дүкеннен ұрланғаны анықталды. Сондай-ақ, 4000-ға жуық оқ-дәрі тәркіленді», — деді Қанат Таймерденов Алматы қалалық жедел штаб отырысында. 

Қарақшылар 1600-ден аса сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келгені де хабарланды.

«Барлығы 1097 қызметкер зардап шекті. Медициналық мекемеде жатқаны бесеу. Екеуінің жағдайы ауыр. 9 қызметкер қаза тапты.

Келтірілген залал алдын-ала есептеулер бойынша, полицияның 5 фронт-кеңсесі жанып кетті. Алмалы полиция бөлімі басқармасы ғимараты зардап шекті. 49 модульдік полиция бөлімінің 19-ы жанып кетті. 15 экологиялық полиция бекетінің 13-і жанып кетті. 165 көлік зақымдалды. Оның ішінде 64 көлік жөндеуге келмейді», — деді Алматы Полиция департаментінің басшысы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями