Популярные темы

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ 14 января 2022, 11:41

Дата: 14 января 2022 в 11:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ
                14 января 2022, 11:41
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әбдіжаббарованың сөзінше, Pfizer-ді ақылы түрде жеткізу бойынша қажет келіссөздер жүргізілген. 

«Негізі Pfizer бойынша Денсаулық сақтау министрлігі оны ақылы түрде жеткізу мәселесін қарастырған болатын. Ол үшін қажет келіссөздер жүргізілді. Бірақ бүгінде бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейінгі қаулысында және біздің қаулыда да атап өттік. Яғни Pfizer-ді медицина қызметкерлері және 60 жастан асқандар ревакцинация үшін қолдана алады. Ал Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қаламызда қарастырылып жатқан жоқ», — деді Әбдіжаббарова ӨКҚ брифингінде. 

Еске салайық, Алматыда жаппай вакцинация басталғалы екпенің бірінші компонентін 1 054 327 адам, екінші компонентін 1 019 181 салдырды. 

Pfizer (Comirnaty) екпесін 31 413 адам, оның ішінде, 1 724 жүкті әйел, 6 340 емізулі ана және 23 349 бала мен жасөспірім салдырды. 69 690 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями