Популярные темы

«Құпия құжаттарды тастап кетті». Тоқаев ҰҚК департаменттерін сынады 11 января 2022, 11:45

Дата: 11 января 2022 в 11:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұрысқа қатыспай, ғимаратты тастап кетіп қалған ҰҚК департаментінің басшыларын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмады. Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетін сынға алған болатын. 

Еске салайық, бүгін Мәжіліс отырысына Президент қатысып жатыр. Тоқаев отырысқа видеобайланыс арқылы қатысып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями