Популярные темы

«Азық-түліктен бастап бәрі қымбат». Қайрат Нұртас Маңғыстау халқына қолдау білдірді 04 января 2022, 16:27

Дата: 04 января 2022 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Әнші Қайрат Нұртас Маңғыстаудағы жағдайға байланысты пікірін айтты. Ол наразылық акциясына шыққан халыққа қолдау білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Музыкант елде айлық өспесе де, азық-түліктен бастап бәрі қымбат екенін айтты. 

«Халық Алланың бір аты, қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес. Дәл қазіргі жағдайда мен Батыстағы ағайынды қолдаймын. Себебі халықтың арасында жүргендіктен, Қайрат Нұртас болып қалыптасуымның себепкері Халықтың мұң-мұқтажын жеткізуге хақым бар. Халықтың тұрмыстық жағдайы төмендеп кетті. Еш өзгеріссіз тұрған айлыққа қарамастан азық-түліктен бастап барлығы қымбат. Халық бар болғаны уайым-қайғысыз өмірді қалайды. Үкімет басшыларынан Халық Алланың Аманаты екенін ұмытпауын сұраймын! Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы тез арада оң шешімін шығарады деп үміттенемін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!», — деп жазды Қайрат Нұртас Instagram-да. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысындағы жағдайды қарау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Олар қазір белсенділермен келіссөз жүргізіп жатыр.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями