Популярные темы

Атыраулық музыкант қыз түнгі клубта жастарды домбыраға билетіп жүр 15 декабря 2021, 13:19

Дата: 15 декабря 2021 в 13:23 Категория: Новости культуры


Атыраулық музыкант қыз түнгі клубта жастарды домбыраға билетіп жүр
                15 декабря 2021, 13:19
Стоковые изображения от Depositphotos

Атыраулық Ақтоты Болшова домбыра үнін заманауи стильге нақыштап, электронды музыка жазып жүр. Бүгінде оның туындылары түнгі клубтарда шырқалады. Ол Tengrinews.kz тілшісіне қазақ ұлттық аспаптарын жаңғырту неге маңызды екенін айтып берді.

26 жастағы Ақтоты Болшова бала кезінен-ақ домбыраның қадір-қасиетін біліп өседі. 

«Мектеп қабырғасында жүргенде әжемнің ықпалымен домбыраға деген сүйіспеншілігім артып, бала кезімнен өнерге жақын болып өстім. Менің ойымша, өнер қанмен дариды. Менің ата-әжем де өнерден кенде емес. Атам гармоншы болса, әжем күйші еді», — деп әңгімесін бастады ол.

2014 жылы Қазақ ұлттық өнер университетіне түскен ол домбыраны жаңғыртумен айналысып, жеке қолтаңбасын қалыптастырумен айналысады.

«Осыдан 7 жыл бұрын дәстүрлі эстрадаға көңілім ауды. Сол кезден бастап ішкі жан дүниесі ескірген дәстүрлі әуендерге жаңа серпін бергім келді. Кейін көптен бері ойымда жүрген электронды домбыраның құрылысын сызып, тапсырыспен шетелдіктерге жасаттым. Заманауи аспап қолыма түскен бойда классика, джаз, рок, этно-рок және блюз жанрларын қазақы нақышқа келтіре бастадым. Бастапқыда барлық нотаны қағазға түсіріп, одан кейін музыка жазуды қолға алдым», — дейді Ақтоты. 

@bolshova_aktoty

#рек #рекомендации #реки #рекомендации❤️❤️ #рекомендация #rix #хочувтоп #хочуврек #rixosmoments

♬ оригинальный звук — Toty

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями