Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстандықтар Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға көмектеспек. Кәсіпкерлер алты баланың әкесіне 10 сотық жер сыйламақ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға желіде тарағаннан кейін тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан ақтаулық тұрғынға қолдау көрсетуге ниет білдірген. Оның Instagram-парақшасындағы жазбасына кәсіпкер Сырымбек Тау пікір жазып, көпбалалы отбасына 10 сотық жер сыйлауды ұсынған.
«Біз ақтаулық тұрғынға көмектесейік деп шештік. Оған 10 сотық жер, саяжай алып береміз. Ақтау тұрғындары, сіздерде 10 сотық жері бар саяжай қанша тұрады, айтыңыздаршы», — деп кәсіпкерлер бейнеүндеу жариялады.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)
Ал блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) ақтаулық тұрғынға салынған айыппұлды төлеп беруге дайын екенін мәлімдеді.
«Әрекетке берекет! Біздің басшылық айыппұл салғанға мастер! Керісінше, жергілікті әкімшілік осындай еркектерге неге жер бермейді? Жер берсе, қораны да салып берер еді ғой. Ұрлық жасап, адам тонап жатқаны жоқ! Адал еңбекпен нәпақасын табуда, ешкімге алақан жаймай 6 баласын бағуда. Көп балалы әкенің айыппұлын мен төлеп беруге дайынмын. Ақтаулықтар, Рүстем мырзаның жеке нөмірі болса жіберсеңіздер екен» — деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от
По сообщению сайта Tengrinews