Популярные темы

«Жалақы аз болса кетпес едім» — Қытайдағы циркте істейтін қазақ қызы 05 ноября 2021, 16:39

Дата: 05 ноября 2021 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Алматы облысының тумасы Әсем Чайбекова бүгінде Қытайдың оңтүстігіндегі қалалардың бірінде циркте жұмыс істейді. Мамандығы да ерекше: 21 жастағы қазақстандық қыз мұнда шабандоз. Tengrinews.kz тілшісі шабандоз қызбен сөйлесіп, Қытайдағы өмірі мен жұмысы туралы сұрады. 

Әсем колледж бітіргеннен кейін Қытайға көшіп кеткен. 

«Мектепті бітіргеннен кейін колледжге түсіп, одан кейін екі жыл бұрын Қытайға кеткен болатынмын. Ата-анам, бауырларым Қазақстанда. Қытайдың Шэньчжен қаласындамын. Қытайда циркте жұмыс істеймін. Ұжымдағы адамның бәрі жақсы. Қарапайым цирктердң бірі. Көп нәрсені, оның ішінде атқа шабуды осы жерден шыңдадым. Оған цирктегі жаттықтырушым көмектесті. Циркте істеп жүргеніме бір жарым жылдай болды. Өзім Алматыдағы университеттердің бірінде сырттай оқып жатырмын», — дейді шабандоз.


Фото: instagram.com/asssemii

Әсемнің айтуынша, атқа деген қызығушылығы бала күнінен басталған. 

«Кішкентай кезімде ауылға көп баратынмын. Мектепте оқып жүргенімде ата-анам ауылға жақын туыстарымыздың үйіне көп жіберетін. Бала күнімде жайлауға атаммен барған кездерім есімде. Аттарға бала күнімнен қызығатынмын. Қалада ат ұстай алмайсың. Бірақ мектеп оқып жүргенімде шабандоз боламын деп ойламадым. 

Колледж бітіргеннен кейін этноауылдардың бірінде даяшы жұмыс істедім. Ол жерде қайтадан ат шауып үйрене бастадым. Қайтадан қызығушылығым ояна бастады. Кейіннен Қытайға жұмыс істеуге кетіп қалдым», — дейді Әсем.


Фото: instagram.com/asssemii

Әсем Қытайға көшетінін естіген кезде анасы бастапқыда қарсы болған екен.

«Ол жерде не істейсің? Қазақстанда банкте болсын жұмыс істей бермейсің бе?» деді. Неше түрлі жағдай болып жатыр ғой, соны ойлап, уайымдады. Бірақ ақыры өз шешіміммен, таңдауыммен Қытайға кеттім», — дейді ол.

Шабандоз қыз цирктегі қызметін әңгімелеп берді. Оның айтуынша, цирктегі шабандоздар қазақша нақышта трюктер көрсетеді екен.

«Циркте аттармен түрлі трюк жасаймын. 5-6 адамдық ұжымымыз бар. Қазақша нақышта түрлі трюк көрсетеміз. Жұмыста бір рет өнер көрсетіп болғаннан кейін аттармен жаттығу жасаймыз. Бір адамға бір ат беріледі. Аттарға қарайтын адамдар бар. Бірақ біз де аттың жалын тарап, тұяқтарын тазалауға көмектесеміз. Бізде кеңседегідей нақты бір уақыт аралығында жұмыс істеу деген жоқ. Жұмыстарыңды бітірсең басқа да хоббилеріңмен айналыса бересің. Жалпы айтқанда жұмыс уақыты еркін. Бүгінде өз қаламызда өнер көрсетеміз. Егер басқа жақтан ұсыныс түссе барып тұрамыз», — дейді шабандоз. 

@asem_horse

Парақшаға тіркеліп кет

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями