Популярные темы

«Үлкен сахнаға шыққым келеді». Торғайлық әнші Қазнетті таң-тамаша етті 12 октября 2021, 11:19

Дата: 12 октября 2021 в 11:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Отбасылық жиында ән айтқан ерекше дауыс иесі Қазнетті таң-тамаша етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі бірнеше топта тарады. Желі қолданушылары әншінің ерекше даусына тамсанып, оны Бибігүл Төлегеноваға ұқсатқан. 

«Бағдарламаларға шақыру керек. Елге көрсету керек. Мұндай табиғи дауысты елге таныту керек», «Керемет дауыс, Бибігүл апамыздың ізбасары», «Нағыз сахнаның адамы ғой. Сахнадан көруге тілекшіміз!», «Сахнаның төрінде жүретін қыз ғой», — деп жазды Желі қолданушылары.

Видеодағы әнші — Гүлбақыт Жаңбырбаева, Арқалық қаласының тумасы, жасы 28-де. Тұрмыста, бір ұлы бар. 

«Бұл видео жақын арада түсірілген. Видео жолдасымның ауылында түсірілген. Отбасылық мереке. Тез тарап кетеді деп ойлаған жоқпын. Қуаныштымын, халық қолдап жатыр, мың алғыс. Келіндік міндетімді атқарып жүрген кезімде ән айтуға шығып кеткендіктен үстімде «әйбат» көйлек жоқ. Жақындарым қолқа салғандықтан ән айтуға шығып кеттім», — дейді Гүлбақыт. 

Гүлбақыт жалпы ән өнеріне қатысы барын айтады. 

«Арқалықтағы Педагогикалық институттының музыка факультетін бітіргенмін. Қостанайдағы Ыбырай Алтынсарин ауданында жетекші болып жұмыс істедім. Түрлі фестиваль, конкурсқа қатыстым. Республикалық деңгейдегі байқауларға қатысқан жоқпын. Ән өнері — менің бала күнгі арманым. Әлі үлкен сахнаға шыққым келеді. Бірақ бәрі халықтың қолдауымен болады ғой. Бүгінде сахнаға шығып жүрген жоқпын. Декреттік демалыста бала тәрбиесімен отырмын. Видео Желіге тарап кеткеннен кейін отбасым қолдауын білдіріп отыр. Ата-анам, отбасым мені қолдайтындарын айтып отыр», — дейді Гүлбақыт. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями