Популярные темы

«Мерейлі отбасы» лауреаттары 5 миллион теңгенің сертификаттарын алады 10 сентября 2021, 12:12

Дата: 10 сентября 2021 в 12:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл «Мерейлі отбасы» байқауының лауреаттары 5 миллион теңгелік сертификаттарға ие болады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Жетінші арнаға» сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді. Марапаттау рәсімі бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін конкурсқа биыл 3000-ға жуық отбасы өтінім білдірген. Сондай-ақ, бұл жылдың тағы бір ерекшелігі — әр өңірден 1 отбасы жеңімпаз деп танылады.

Демек, 17 өңірден 17 отбасының шаңырағында бүгін үлкен қуаныш болады деген сөз. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Аида Ғалымқызының сөзінше, биылдан бастап конкурсқа қатысуға лайық деп саналатын отбасыларды еңбек ұжымдары, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар ұсына алады. Бұл да ендігі жылы сайысқа түсушілер санының артатына кепілдік бола алады.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями