Популярные темы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр — ДСМ

Дата: 21 октября 2020 в 17:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр - ДСМ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Вице-министрдің айтуынша, 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған 109 766 науқас тіркелген.

«Оның ішінде 105 301 науқас сауыққан, ал 2 662 адам емделіп жатыр. Кейінгі тәулікті COVID-19 оң нәтижесімен 143 адам тіркелді. Барлығы 1 803 адам қайтыс болды. COVID-19 вирусының ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен 36 200 ықтимал жағдай тіркелді. Оның ішінде 28 318 адам сауығып шықты. 7 994 науқас емделіп жатыр. 388 адам қайтыс болды. Кейінгі тәулікте ауру жұқтырудың 220 жағдай тіркелді», — дейді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният соңғы аптада өңірлерде COVID-19 вирусының өсу дерегі байқалғанын атап өтті.

«Өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 12 өңірде өсу есебінен 1,2 есеге өсті. Науқастардың ең көп саны Нұр-Сұлтан — 125, Шығыс Қазақстан облысы — 95, Алматыда — 79, Павлодар облысы — 79, Солтүстік Қазақстан облысы — 74, Қарағанды облысы — 69, Атырау облысы — 58 дерек тіркелді. Бұл жалпы сырқаттанудың 74 пайызы», — деді вице-министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями