Популярные темы

Үй жануарымен аулада серуендеуге бола ма? Министр жауабы

Дата: 27 марта 2020 в 16:43 Категория: Новости политики


Үй жануарымен аулада серуендеуге бола ма? Министр жауабы

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында азаматтарға негізсіз шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салу не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Азаматтар үй жануарларын үйдің жанында серуендете алады. Егер азаматтар басқа себептермен шыққан болса, онда алдымен, ескерту, одан кейін 26,5 мың теңге мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Полиция қызметкерлері хаттама толтырып, істі сот қарайды. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауап көзделген, — деді Абаев.

Сондай-ақ министр бүгін түнгі 00.00-ден бастап көшеде жүруге тыйым салынғанын атап өтті. Ал жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының не кадр бөлімі қызметкерлерінің телефон нөмірі болған жөн деп түсіндірді.

Екі қалада үйден шығуға тыйым салынады — министр

Айта кетейік, бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданында коронавирустық инфекцияның жаңа ошағы анықталды. Енді қалада 24 ауру ошағы бар.

Сондай-ақ Атырау облысында анықталған 3 науқастың қайдан келгені белгілі болды.

Ал, Павлодар облысында коронавирус індетін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді.

Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 60 адам, Алматы қаласында — 48 адам, Қарағанды қаласында — 4, Шымкент қаласында — 2 адам, Алматы облысында — 1 адам, Ақтөбе облысында — 1 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Атырау облысында — 3 адам, Ақмола облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Қазақстан бойынша жалпы 125 науқас тіркелді.

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями