Шетелдіктер жылыту бекетіне жеткізілді

Дата: 05 декабря 2019 в 11:32


Шетелдіктер жылыту бекетіне жеткізілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,

3 желтоқсанда сағат 7.00-де кезекші бөлімге Самара-Шымкент автожолының 917-шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Тәжікстан Республикасының 46 жастағы азаматы, «Хундай Старекс» автокөлігінің жүргізушісі метеорологиялық жағдайды ескермеген. Сол себепті көлік жолдың оң жақ қапталындағы ойысқа аударылып кеткен.

— Салонда 10 жолаушы болған. Тәжікстан Республикасының барлық азаматы Ресей Федерациясының Челябі қаласынан елге аттанған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, — делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына келген патрульдік полиция ротасының және төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері көлікті көтеруге көмектескен. Сонымен қатар жолаушыларды Хромтау ауданының Бөгетсай елді мекеніндегі жылыту бекетіне көшіру шаралары қабылданыпты.

Шетелдіктер полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне алғыс білдірген.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

Поделитесь новостью с друзьями