«Бізге тойды тоқтату керек». Белгілі актер сүндет той мен бесік тойды алып тастауды ұсынды

Дата: 19 сентября 2019 в 13:33 Категория: Новости культуры



Белгілі театр актері Жүсіп Ақшораев қазақтың «қанына сіңіп қалған» жағымсыз қасиеттердің бірі деп той өткізуді айтты. Бұл туралы ойын ол Аман Тасығанның TalkLike жобасына берген сұхбатында білдірді.

«Бізге тойды тоқтату керек. Жартысынан көбісін алып тастау керек қой. Қазақта үйлену тойы қалуы керек, ал сүндет той деген бұрын бізде болмаған еді ғой. Мал сойып, құран оқытып, ақсақалдардың батасын алса болды емес пе? Үйлену тойы — екі жастың қосылған, мәңгілік бірге болатын күні. Қыз ұзату үйлену тойының бірі, ал бесік тойдың не керегі бар? Баяғыда бесік тойға бес кемпір келіп, кәмпитін беріп кететін, қазір 200-250 адам шақырасың. Алыстан атәуре болып келеді, оның бәрі шын ниетімен қуанып келіп жатыр ма? Жолда неше түрлі бәлеге ұшырайды», — дейді.

Ақшораевтың айтуынша, тойға бара жатып, тойдан келе жатып жол апатына ұшырау жағдайы көп. 

«Юбилей дегенді ақын-жазушылар тойлаушы еді, қазір бәрі тойлайтын болды. Біреудің туған күні кімге керегі бар? Туса өзі үшін туып, өзі үшін өмір сүріп жатыр. Кішкентай баланың бір жасқа толған туған күні кімге керегі бар? Сондай тойлардың бәрін қысқарту керек», — деп кесіп айтты актер.


Жүсіп Ақшораев © instagram.com/zhusip_akshora

Осыдан кейін жүргізушінің «төрт балаңыз бар, сіз де ел қатарлы той жасаған шығарсыз» деген сұрағына актер былай деп жауап қатады: 

«Жасадық қой. Жасамасақ қылқынып өліп қалар үйдегінің бәрі. Үйлену тойын жасадық, қызымызды ұзаттық. Екі ұлымызды үйлендірдік. Келіндері босанғаннан кейін бесік тойын жасадық тағы екі реттен. Мен ғана емес, бүкіл халықтың бәрі шаршаған одан. «Тойдың не керегі бар?» деп тойдың үстінде кім айтады? Дәстүрдің үстіне дәстүр қосып алады бізде. Оған пәлембай миллион ақша кетеді. Бір тиын пайдасы жоқ, сол ішкен-жегеніңмен жоқ болып кетеді».

Айта кетейік, Жүсіп Ақшораев 1960 жылдың 4 қарашада Қызылтаң ауылында туған, 1994 жылы Уәлибек Әбдірайымовпен бірлесіп ашқан «Шаншар» әзіл-сықақ театрында осы күнге дейін актер, мәдениет қайраткері. Төрт баланың әкесі. Актер екі жыл бұрын қызын ұзатып, той жасаған еді. 


© instagram.com/zhusip_akshora

Оқи отырыңыз:

50 iPhone таратып, ең танымал жұлдыздармен той жасаған атыраулық олигарх жұртты таңғалдырды

«Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе». Қазақ тойындағы трендтер

Үйлену тойындағы ерекше торт қазақстандықтарды таңғалдырды

По сообщению сайта TengriNews

Поделитесь новостью с друзьями