Популярные темы

Қалада жедел штаб құрылды

Дата: 22 августа 2019 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қалада жедел штаб құрылды

Қаржылық қиыншылықтарға байланысты тұрғындардың қоқыстарын шығарумен айналысатын екі компания өз жұмыстарын тоқтатып жатыр. Олар — «№27 Басқарушы компания» және «Таза Лайф» жеке кәсіпкері.

Бұлай не себептен болып жатыр? Өйткені арнайы техника мен қызметкерлерді ұстауға арналған қаражатты өтеуге қазіргі тарифтің мөлшері тым аз. Айта кетейік, Қазақстан бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған ең төменгі тариф Ақтөбеде — 104 теңге. Бұдан басқа, тұрғындардың 60%-ы қоқыс шығаруға төлем жасамайды. Әрине, бұл қоқыс шығаратын компаниялардың қаржылық жағдайына әсер етуде. Сондай-ақ Ақтөбеде ірі қорамды қоқысты жинау мәселесі күрделі болып тұр: жиһаздар, құрылыс қалдықтары, сантехника – осының барлығын шығару мәселесі тарифке енгізілмеген – бұл компанияға қосымша үлкен шығындар әкелуде.

Қоқыс аласапыранын болдыртпау үшін Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің бастамасымен жедел штаб құрылды. Мәселе шешілмейінше «№27 Басқарушы компания» және «Таза Лайф» жеке кәсіпкері келісімшарт аясында қызмет көрсеткен жерлерде басқа компаниялар қоқысты тегін шығаруға келісімдерін берді. Енді тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға жаңа байқау жарияланады.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару мәселелері жөнінде мәліметтерді «109» тәулік бойғы байланыс орталығына 109, 909-605 (қала телефонынан), 8 778 746 33 33 (ұялы телефоннан) хабарлай аласыз.

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями