Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Бюджет қаражаты толық игерілуі қажет

Дата: 01 августа 2019 в 12:02 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бюджет қаражаты толық игерілуі қажет

Облыс әкімі  Оңдасын Оразалин облыс бюджетінің осы жылғы 7 айда орындалған  қорытындысын тыңдады. Жиынға қала, аудан, департамент, басқарма басшылары қатысты.

 

Облыс әкімінің  орынбасары Олжас Смағұлов игерілмеген бюджет қаражаттарына қатысты бірқатар мәселелердің барын айтып өтті. Денсаулық сақтау басқармасы бюджет қаражатын игере алмай отырғандардың арасында  көш бастап тұр. Медициналық құралдардың техникалық мінездемесіне эксперттік бағалау дайын болмағандықтан әлі күнге дейін тиісті  конкурстар кешеуілдеуде. Ал, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, төтенше жағдайлар департаменті, индустриалды-инновациялық басқармалары да қомақты бюджет қаражатын игере алмау қаупі бар. Бюджет қаражатының игерілмеуі республикалық бюджетті нақтылау кезінде бөлінген қаражаттың қайта қайтарып алынуына және қосымша қаражаттың  бөлінбеуіне әкеліп соғады.
Басқармалардан өзге Ақтөбе қаласы, Қобда, Алға, Хромтау,Әйтеке би, Ырғыз, Мәртөк аудандарында жоспарланған бюджет қаражаты толық игерілмей отыр. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин аталған кемшіліктерге қатысты жауапты басшыларға қатаң ескерту жасады.
«Мен әзірге ауызша ескерту жасап отырмын, келешекте бұлай жалғаспайды, ай сайын бақылап,  өздеріңе жүктелген жұмысты уақтылы  атқарыңдар», — деді Оңдасын Оразалин.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями