Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбеде еліміздің Х жазғы Универсиадасы басталды

Дата: 14 мая 2019 в 10:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай, әрі «Жастар жылына»  арналған Х жазғы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті. Оған облыс басшысы Оңдасын Оразалин қатысып,  көпшілікті Универсиаданың ашылуымен құттықтады.

«Елбасымыздың бастамасы бойынша дене шынықтыру мен спортты  дамыту, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау  жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда біздің облыста заманауи спорт ғимараттары белсенді түрде салынуда. Өңірімізде пайдалануға берілген спорттық инфрақұрылым нысандарында түрлі деңгейдегі жарыстар жиі өткізілуде. Құтты мекен — Ақтөбе өңіріне қош келдіңіздер. Барлық қатысушыларға мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер тілеймін», — деді облыс басшысы.

Универсиадаға қатысушылар спорттың 14 түрінен сынға түспекші. Дүбірлі додаға еліміздің  59 жоғары оқу орындарынан 600-ден астам   студент қатысуға ниет білдірген. Универсиада маусым айының сегізіне дейін жалғасады.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями