Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Ақтөбе облысын дамытудың перспективалары

Дата: 19 апреля 2019 в 10:02


Оңдасын ОРАЗАЛИН,

Ақтөбе облысының әкімі

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына жүргізілген талдау қорытындылары, тұрғындардың ұсыныстары мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органдарының жұмысындағы негізгі басымдықтар анықталды.

Тұтастай алғанда олар еліміздің негізгі стратегиялық құжаттары есебімен құрылымдалды («Қазақстан-2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Тұңғыш Президент — Елбасының Жолдаулары, Аумақтарды дамыту бағдарламалары, Ақтөбе агломерациясын дамытудың өңіраралық схемалары, т.б.).

Елбасы атап көрсеткендей, негізгі міндеттердің бірі — тұрғындардың табысын одан әрі көтерумен және тіршілік сапасын жақсартумен еліміздің төртінші мегополисі ретінде Ақтөбе агломерациясының серпінді дамуын қамтамасыз ету. 

* * *

2018 жылдың қорытындысы бойынша ақтөбеліктердің орташа еңбекақысы 137,5 мың теңгені құрады, бұл — орташа республикалық деңгейден елеулі түрде төмен (ҚР бойынша — 162,2 мың теңге).

Біз тұрғындардың табысының құрылымын талдадық, олардың табыстарын көтеру тұрғысынан ерекше назар аударылатын мақсатты топтар анықталды.

Мәселен, ақтөбеліктердің еңбекақысының ең жоғарғы деңгейі қаржы және сақтандыру қызметінде, көлікте, өнеркәсіпте, ал ең төменгі деңгей — ауыл шаруашылығында, тұру мен тамақтану қызметтерінде, қосалқы жұмыстарда көрініс береді.

Бұл ретте өңір тұрғындарының 57%-ы орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады (137,5 мың теңгеге дейін).

номиналды еңбекақысы, тг.

барлығы

контингент, %

орташа облыстық деңгейден

жоғары

еңбекақы алады

(137,5 мың

теңге)

жинақтау

 

орташа облыстық деңгейден төменгі еңбекақы алады

(137,5 мың

 теңге)

операциялар

және әлеуметтік қызметтер

қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет

Сондай-ақ, облыста 20 мыңнан астам жұмыссыз және не табысы жоқ, немесе еңбекақысының төменгі деңгейімен еңбек қатынастары жария етілмеген 60 мың өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрады.

Сонымен бірге, ақтөбеліктердің несиелік портфелі ұлғая түсуде.

Мәселен, ипотекалық несиелер бойынша портфель 30%-ға (56,5 миллиард тг.-ге дейін), тұтынушылық несиелер бойынша 10%-ға (123,5 миллиард тг.-ге дейін) өсті. Соған қарамастан, мерзімі өтіп кеткен қарыздың өсуіне жол берілген жоқ (9,1 миллиард тг.).

Жоғарыда баяндалған факторларды ескере отырып, 2025 жылға дейін орташа республикалық деңгейге жету үшін тұрғындардың табысының жыл сайынғы өсімін 9-12% деңгейінде қамтамасыз ету бойынша шаралар кешені қабылданатын болады.  

Бірінші. Жаңа өндірістер мен жұмыс орындарын ашу.

Әкімдер мен тиісті басқармалар алдына бәсекелестік еңбекақымен 20 мыңнан кем емес жұмыс орнын құрылымдау жөнінде міндет қойылды.

Ағымдағы жылдың өзінде ғана кемінде 25 жаңа өнеркәсіптік инвестициялық жобаны, ал ауыл шаруашылығы саласында 200-ден кем емес жобаны жүзеге асыру міндеті тұр.

2025 жылға өңірдегі экономиканың 30%-ын қамтамасыз ете отырып, шағын және орта бизнестің жыл сайынғы үлесі ұлғаюы тиіс.

Ағымдағы жылы бизнесті қолдауға барлық көздерден 40 миллиард теңгенің бөлінуі — қолдау шарасы.

Экономиканы дамытудың және табысты көтерудің тағы бір маңызды факторы — 570 миллиард теңге көлемінде инвестиция тарту, бұл өткен жылғы деңгейден 10%-ға артық.

Перспективада барлық бағыттар бойынша өсім қарқыны өткен жылғы деңгейден жоғары болады.

Екінші. Жұмыс істеп тұрған компанияларда қызметкерлердің еңбекақысын ұлғайту.

Ағымдағы жылы облыстағы 1400-ден астам кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын орташа алғанда 15%-ға көбейтеді. Бұл 32 мың ақтөбелікті қамтиды.

Кәсіпорындардың басшылығымен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілетін болады.

Бұл ретте әкімдіктер тарапынан кәсіпорындардың жоғарғы өндірістік жүктемеде болуына ықпал жасалатын болады.

Үшінші. Экономиканың базалық салаларын дамыту есебінен еңбекақы деңгейін көтеру.

Өнеркәсіп саласында 84 мыңнан астам адам еңбек етеді немесе бұл — жұмыс істейтін тұрғындардың 20%-ы, олардың орташа еңбекақысы 184,8 мың теңгені құрайды.

Мұнай кен орындарына неғұрлым белсенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, жұмыс істеп тұрған кен орындарының қоры таусылуы есебімен «қара алтынды» өндірудің жаңа технологиясын енгізу қажет.

Бұл саланың міндеті — негізгі энергиялық ресурстар өндіру мен металл шығарудың төмендеуіне жол бермеу.

Оның үстіне, бүгінгі күні шикізатты белсенді түрде өндіріп қана қоймай, сонымен бірге оны өңдеу де қажет.

Мәселен, өткен жылы облыстан қосымша құнсыз негізінен өңделмеген формада 1,5 миллиард АҚШ долларына минералды шикізат экспортталды, бұл ретте оларды өңдеудің ауқымды әлеуеті бар (мысалы, 278 млн долларға рудалар мен мыс, хром концентраттары, 95 млн долларға мырыш экспортталды).

Сондай-ақ, қолда бар базаларды ескере отырып, өңірде мұнай өңдеу мен мұнай химиясын дамыту, нақты айтқанда, дизель майын, мұнай қалдығынан мазут және сұйық отын өндірісін, мұнай өнімдерін өнеркәсіптік майға қайта өңдеу, т.б. дамыту мүмкіндігі бар.

160 резервтік кен орындарын айналымға енгізудің ауқымды әлеуеті бар (никель-кобальт, фосфориттер, хромиттер, алтын және басқасы), бұларға көп миллиардтық инвестициялар тартуға болады.

Мысалы, Қарғалы ауданында – Мамыт кен орнында қоңыр көмір өндіруді оны өңдеумен және қосымша құнмен өнім алумен игеру (тыңайтқыштар, брикет және жартылай кокс), болашақта тау-кен байыту комбинаты құрылысын салумен (кобальт және никельдің 9 резервтік кен орны базасында)  темір, никель-кобальт кенін, қоңыр көмір кенін өндіру және цемент шикізаты кен орны базасында цемент зауытын салу жоспарлануда.

Мұғалжар ауданында  — «Юбилейный» кен орнында жылына құрамында алтыны бар 5 миллион тонна руданы өңдейтін қуаттылығы бар «AltunEx» ЖШС тау-кен байыту комбинаты құрылысы, сондай-ақ «Итастыбұлақ» молибден рудасы кен орнын игеру қажет.

Мәртөк ауданында титанды-цирконий кені орны игерілуде, алайда тау-кен байыту комбинаты құрылысы (бүгінгі күні  кен Ресейге экспортталады, онда байытылып, жоғары үстемеленген құнмен сатылады), сондай-ақ зерттелген қоңыр көмір қорын игеру қажет.

—  Әйтеке би ауданында мыс, каолин, темір рудасы кен орындарын игеру мүмкіндігі бар;

— Мұғалжар ауданында — 1,5 миллиард тонна зерттелген қорымен Ақтөбе фосфоритті бассейні негізінде минералды тыңайтқыштар шығару бойынша өндірісті құру;

— Хромтау ауданында — кобальт, никель кен орындарын игеру (15 кен орны), сондай-ақ никельді-кобальтты, хромитті, мыс-мырышты кендерді тереңдетіп қайта өңдеуді ұйымдастыру;

— Алға ауданында – рудалық емес кен орындарын игеру (кірпіш шикізаты 2 резервтік кен орны, 3 құм кен орны, 2 керамзит, аглопорит кен орны);

Басымдықтағы бағыт болып «қарапайым заттар экономикасы» саласындағы жобаларды жүзеге асыру, өңірге импортталатын тауарлар ТОП-10 ауыстыру үшін тауашалы салаларға инвесторлар тарту саналады.

«Ақтөбе» ӘКК» АҚ алдында облыстың инвестициялық әлеуетін белсенді түрде іске қосу және Индустриалды аймаққа инвесторларды тарту міндеті қойылады.

Бүгінгі күні бірқатар ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөздер жүргізілуде, олар: цемент зауыты, кірпіш шығаратын зауыт, мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтары зауыты, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін кешен, жел электр станциясы, т.б. 

Сондай-ақ, Елбасы атап көрсеткендей, аграрлық сектор экономиканың басты драйверлерінің біріне айналуы тиіс.

Ауыл шаруашылығының әлеуеті өте ауқымды, алайда саланың өңірдің экономикасына үлесі 5%-дан аз мөлшерді құрайды.

Бұдан басқа, бүгінгі күні облыстың ауыл шаруашылығы қызметкерлері орташа есеппен алғанда 83 мың теңге еңбекақы алады, бұл орташа облыстық деңгейден 40%-ға төмен.

Саланың еңбекақы деңгейін орташа облыстық мөлшерге теңестіру үшін 2025 жылға ірі қараны қазіргі 464 мыңнан 1,4 миллион басқа дейін, қой-ешкіні 1,1 миллионнан 3,4 миллионға, ал суармалы алқапты 21,6 мың га-дан 100 мың гектарға жеткізу қажет.

Сондықтан да саланы лайықты еңбекақысы бар және өнімділіктің жоғары деңгейіне ие жұмыс орындарын түрлендіруге қабілетті бәсекелестік ортаға айналдыру қажет.

Бұл үшін облыстың ауыл шаруашылығын дамытудың Кешенді бағдарламасы жасалатын болады.

Бағдарлама аясында мал басы жөнінен де, сондай-ақ оның өнімділігіне де қатысты — мал шаруашылығын жеделдетілген дамыту бойынша шаралар қарастырылатын болады.

Облыстың әрбір ауданы «АкТеп» ЖШС-на ұқсас ірі тауарлы және жеке фермерлік шаруашылықты дамытуы тиіс.

Аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдерінен ауыл шаруашылығының барлық салаларында (өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында) смарт-фермалар құрып, цифрландыруды енгізумен белсенді жұмыс істеу талап етіледі.

Ағымдағы жылы мынадай бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет: Алға ауданында құны 700 миллион теңге тұратын «Ұлан» ЖШС құс фабрикасы, Мәртөк ауданында құны 700 миллион теңге тұратын «Милкер» ЖШС құрама жем зауыты, Ақтөбе қаласында жалпы құны 2,3 миллиард теңге тұратын «Нан» шаруа қожалығы сүт-тауарлы фермасы, «Мұрагер-22» ЖШС балық өсіру цехы, тағы басқа көптеген жобалар құрылысы.

Резервтердің бірі  — ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану.

Бүгінгі күні облыстың 430-дан астам ауыл шаруашылығы құрылымы 220 мың гектар жайылымдыққа ие, олар мал шаруашылығын дамыту үшін пайдаланылмайды, бұл мал басын елеулі түрде ұлғайту үшін мүмкіндік берер еді.

Үздік халықаралық стандарттарға сәйкес құрылыс кластеріне айрықша көңіл бөлінетін болады.

Тұрғын үй заманауи технологиялар мен жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану жолымен оның құнын арзандату арқылы және ағымдағы жылы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үйді іске қосумен «көп және қолжетімді» принципі бойынша салынуы тиіс.

Бүгінгі күні болашақта экономиканың драйвері және жұмыс орнының қозғаушысы бола алатын туризмнің әлеуеті жете бағаланып отырған жоқ (сала әлемдік экономиканың 10%-ын құрылымдайды, әрбір 10-шы жұмыс орнын құрайды).

Туризм елеулі инвестицияны талап етпейді, табиғи және мәдени нысандардың болуы, сондай-ақ туристер үшін тұрмыстық жағдайлармен қамтамамыз ету: бірінші кезекте қауіпсіздік пен байланыс болуы жеткілікті.

Бүгінгі күні туризмді дамытудың ауқымды әлеуеті Ақтөбе қаласында, оның айналасында, сондай-ақ облыстың әр ауданында дерлік бар, алайда олар қажетті деңгейде пайдаланылмай отыр.

Мысалы, Ырғыз ауданында бірегей орын – «Жаманшың» метеорит кратері, табиғаты көркем Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи-зоологиялық резерваты, Байғанин ауданында борлы таулар — «Ақбота-Сәңкібай» және «Ақтолағай», Ойыл ауданында — Барқын құмы, Мұғалжар ауданында — Орқаш қорығы, Қарғалы ауданында  Қарғалы су қоймасы бар.

Төртінші. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бағалау мәліметтері бойынша облыстың көлеңкелі экономика деңгейі өңірлік экономиканың төртінші бөлігін құрайды.

Мемлекеттік кіріс департаменті әкімдермен бірлесе отырып, мынадай жұмыстарды жүргізі қажет:

– барлық кәсіпкерлерді (40 мыңнан астам) мәліметтерді онлайн-берумен бақылау-кассалық машиналарына көшіру;

– кәсіпкерлердің электронды шот-фактураларының міндетті көшірмесін жасау (ағымдағы жылдың І тоқсанына бюджетке қазірдің өзінде 700 миллион теңге қосымша түсімдер есептелді).

– акциздік тауарлар айналымына, базарларды, қоғамдық көлік нарығы, т.б. әкімшілендіруге қатаң бақылауды орнықтыру.

Сондай-ақ, ықпалды механизмдердің бірі ресми емес жұмыспен шұғылданушыларды ресми рәсімге көшіру болып табылады, ол үшін селоның әрбір тұрғынына оның мәртебесін анықтауға және оның жұмыспен шұғылдануы үшін одан әрі шаралар қолдануға мүмкіндік беретін әлеуметтік карта жасалады.

Бұл үшін ағымдағы жылы 35 мыңнан астам адам мемлекеттік қолдау шараларымен — қайта оқытумен, гранттар бөлу мен жұмысқа орналастырумен қамтылатын болады.

* * *

2.ТІРШІЛІК САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

2.1 АВТОЖОЛДАР

Автожолдар сапасы — біздің өңіріміздегі көкейкесті мәселелердің бірі.

Жыл сайын жол құрылысы қарқыны мен оны жөндеу өсе түсуде.

Егер 2017 жылы 300 км жол жөнделсе, 2018 жылы 400 км жөнделді, ал ағымдағы жылы 500 км-ден астам жолды жөндеу жоспарлануда.

Осы мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттерден 40 миллиард теңге қарастырылды.

Жөндеу жұмыстары мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізілетін болады: Ақтөбе – Атырау – Астрахань (РФ) — 100-160 км, 160-220 км, 236-275 км, 275-330 км, Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы — 0-21,5–33,5 км учаскесі, Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Соль-Илецк (РФ) — 40-70 км, 70-100 км, 100-125 км, 125-196 км, 196-267 км, 307-334 км, 334-371,9 км, Ақтөбе – Болгарка – Шұбарқұдық — 16,5-62 км, 125-150 км, 150-170 км, 170-190,9 км., Донское – Бадамша – Ақтөбе – Орск — 30-45 км, Қобда – Мәртөк — 0-30,5 км, 30-52 км, 52-82 км.

М.Мәметова көшесі бойынша автомобиль жолы

Ақтөбе-Алға трассасына шығумен автомобиль жолы

Тұтастай алғанда, аудандарда тұрғындармен өткізілген кездесулер барысында қозғалған мәселелердің негізгі бөлігі шешімін табатын болады.

Бұл үшін аудандық жолдарды жөндеуге республикалық бюджет есебінен 1,4 миллиард теңге, ал Батыс-2, Заречный-3, -4, «Нұр Ақтөбе», тағы басқа тұрғын үй массивтері автожолдары құрылысын жүргізуге және жөндеуге облыстық бюджет есебінен қосымша қаржы бөлінеді.

Сондай-ақ, Ақтөбе-Орск автожолының 8-16 км учаскесін, Ақтөбе қаласындағы Сельмаш өтпежолын, Ақтөбе қаласындағы Сәңкібай батыр, Бөкенбай батыр көшелерінде, сондай-ақ бірқатар аудандық жолдарды қайта құрылымдауды қаржыландыру бойынша Үкіметпен арадағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

Болашақта Шалқар-Ырғыз-Қандыағаш учаскелерін біріктіретін «Орталық-Батыс» жобасы жүзеге асырылады, ал ағымдағы жылдың аяғына дейін Атырау облысына шығумен Ақтөбе-Қандыағаш жолын жөндеуге әзірлік жұмыстары аяқталып, оған кірісу қажет.

Жалпы алғанда, жолдар құрылысы мен оны жаңғыртуды таңдауда халықты әлеуетті қамту мен басымдылығы ескеріледі.

Жолдарды жөндеуде жөндеу мерзімі мен шығындарын қысқарта отырып, қолданыстағы жабындының негізін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін «ресайклирование» әдісі кеңінен қолданылатын болады.

2.2 ТҰРҒЫН ҮЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Тіршілік сапасын  көтерудің маңызды бағыты — қолжетімді баға бойынша сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Өткен жылы ғана облыс бойынша 908 мың шаршы метр немесе 7,9 мың пәтер іске қосылды, бұл — соңғы 50 жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Ағымдағы жылы пайдалануға 1 миллион шаршы метрден кем емес тұрғын үй немесе 8,7 мың пәтер беріледі.

Бұл мақсатқа «Нұрлы жер» бағдарламасын, жалға беру және коммерциялық тұрғын үйдің белсенді құрылысын жүзеге асыру аясында қол жеткізілетін болады.

Таяу уақытта өңір үшін Үкімет тарапынан Ақтөбе қаласында және облыстың 6 ауданында жалға берілетін үйлер құрылысы үшін 2,2 миллиард теңге бөлінеді.

(1 корпус) Алға қаласы

Қарауылкелді селосы

Қобда селосы

Қандыағаш қаласындағы Самал шағын ауданы

Шұбарқұдық селосы Қызылжар шағын ауданы

Шалқар қаласы Сазтөбе көшесіндегі  №51,№52, №53, №54 үйлер

Шалқар қаласы Тәжірибе көшесіндегі  №46,№48 үйлер

Ағымдағы жылы жеке тұрғын үй құрылысына кемінде 12 мың жер учаскесін беруді қамтамасыз ету жоспарлануда.

 

2.3 ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Аудандарға жұмыс барысындағы іссапарлар барысында тұрғындар тарапынан табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі бірнеше рет көтерілді.

Тұтастай алғанда, бүгінгі күні 768 мыңнан астам ақтөбелік немесе тұрғындардың 88,5%-ы газбен қамтамасыз етілді, бұл — республика бойынша 5-ші орын.

Ағымдағы жылы 7 мыңнан астам адамды қамтумен тағы да 18 селолық елді мекен газ желісіне қосылатын болады.

 

Одан әрі газ жүргізу үшін 22 нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасалды, ол үшін 16 миллиард теңгеден астам қаржы бөлу талап етіледі.

Жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыстар 2020-2022 жылдарға республикалық бюджетті құрылымдау аясында министрліктермен жүргізілетін болады.

Алайда, облыстың барлық елді мекендерін газ желісіне қосу мүмкін еместігін түсіну керек.

Селоларды одан әрі газ желісіне қосу елді мекендердің әлеуетін және экономикалық мақсатқа сәйкестілігін қатаң ескеріп жүзеге асырылатын болады.

Мысалы, егер селода барлығы 200 адам тұрса, ол ауылдың болашақ перспективасы жоқ, ал газ желісіне қосуға миллиард теңге бөлу талап етіледі, мұндайда жобаның экономикалық жағынан тиімділігі күмән тудырады.

Ақтөбе қаласы және облыс үшін болашақтағы маңызды жобалардың бірі «Бұхара-Орал» газ желісі тармағы құрылысы болады.

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласын жабдықтайтын қолданыстағы газ құбыры 115%-ға жүктеліп отыр, бұл өңірдің алдағы экономикалық дамуын шектейтін болады (жаңа өнеркәсіптік өндіріс үшін газдың болмауы).

Бүгінгі күні қажетті құжаттамалар әзірленуде. Содан кейін жоба Үкіметке ұсынылатын болады.

2.4 СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Облыс тұрғындарының 94,5%-ы орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылып отыр.

Ағымдағы жылы 2,8 миллиард теңгеге сумен жабдықтау және су бұруға байланысты 17 жоба жүзеге асырылады, бұл бұрынғыға қосымша 4 мың ақтөбелікті сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мясоедов және Бөгенбай батыр көшелері аралығында су бұрмасы

Сондай-ақ, республикалық бюджет есебінен келесі жылы аяқталуы жоспарланып отырған жобаға қосымша 940 миллион теңге бөлінеді.

 

Бұдан басқа, 2019 жылы сумен жабдықтау және су бұрмасы саласында 14 жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша министрліктермен жұмыстарын жалғасын табатын болады.

2.5 ЭКОЛОГИЯ

Қолайлы экологиялық ахуал – тұрғындар денсаулығының кепілі. Атмосфераға ластаушы заттар қалдықтарын шығару деңгейі бойынша облыс республикада 4 орынды иемденеді.

Сондықтан да кешенді жұмыстар жүргізіп, экологиялық қауіпсіздікке бақылауды қатаң түрде жүргізу қажет.

Бұл салада 3 негізгі экологиялық проблемаларға айрықша назар аударылатын болады:

1) Ақтөбе қаласында кәріздік тазарту құрылымдарын жаңғырту

Бүгінгі күні Ақтөбе қаласының негізгі экологиялық проблемасы 1981 жылдан жұмыс істейтін кәріздік тазарту құрылымдары кешенімен байланысты.

2008 жылдан құрылымның техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Жұмыс тиімділігі 30%-дан артық мөлшерде емес деңгейді құрайды, ал тазартудың қолданыстағы технологиясының сәйкессіздігі Елек өзенінің ғана емес, сондай-ақ Жайықтың да ластануына әкеледі.

Нысан Ақтөбе қаласында қолайсыз иістің мерзімді түрде пайда болуының себептерінің бірі болып табылады.

Бұл жобаның жоғары өзектілігін ескере отырып, оны ҚР Үкіметінің қолдауымен жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамалар дайындалуда.

 

2) Шалқар көлі түбінің ластануы

Шалқар көлі — Арал теңізі экологиялық дағдарысы нәтижесінде зардап шеккен бірегей табиғи су қоймасы.

Бүгінгі күні су қоймасы ретінде көлдің толық жоғалып кетуінің нақты қаупі орын алуда. Көлдің түбінде 1,2 метрге дейінгі қалыңдықта батпақ қабаты жинақталған.

Көлде су қоры 25 миллион текше метрден 7 миллион текше метрге дейін азайды.

Қазіргі уақытта құжаттамалар дайындалуда. Шалқар көлі түбіне тазарту жүргізу үшін алдын ала есеп бойынша 3 миллиард теңгеден астам қаржы талап етіледі.

3) Алға ауданында Киров атындағы бұрынғы химия зауыты қауіпті қалдықтарын жою

С.М.Киров атындағы Алға химия зауыты (АХЗ) табиғи ортаны интенсивті ластаушы болып табылады.

Өндірістік ағындар 22 жыл бойы Елек өзені алқабына тікелей жіберіліп келді. Бағалау бойынша ескі қоқыр жинағышта 151 миллион тонна борлы өндіріс қоқыры, ал жаңасында 11 миллион тонна жинақталған.

Осыған байланысты қауіпті қалдықтарды жою бойынша жалпы құны 7,8 миллиард теңге тұратын жоба дайындалды.

Жоғарыда аталған 3 проблема елеулі бюджет қаржысын —

28 миллиард теңге бөлуді қажет етеді.

Оның үстіне әрбір жоба бойынша Үкіметпен алдын ала айқындамалар бар, олар кезең-кезеңімен шешілетін болады.

2.6 КӨПБАЛАЛЫ ЖӘНЕ АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАР

Бүгінгі күні облыста 13 мыңнан астам көпбалалы және 3 мың шамасында аз қамтылған отбасылар тұрады.

Егер бұрын атаулы әлеуметтік көмекті 2700 отбасы алып келсе, ағымдағы жылы Елбасының бастамасынан кейін оны 6 мыңдай отбасы алады.

Бұл мақсатта біздің облысымыз үшін Үкімет тарапынан қосымша 3,5 миллиард теңге бөлінеді.

Тұрғындарды қолдау мақсатында облыс әкімдігі тарапынан да бірқатар шешімдер қабылданды:

– аз қамтылған азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмекті 2 есе ұлғайту (70 мыңнан 140 мың теңгеге дейін);

– аз қамтылған отбасылары үшін балабақшаларда тамақтану үшін төлемді 70%-ға төмендету (1900 бала үшін 11 мыңнан 3 мың теңгеге дейін);

– көп балалы отбасылар үшін тұрғын үйдің бастапқы жарнасын субсидиялау;

–  аз қамтылған отбасылардың балаларын мектептегі тамақтанумен 100%-ға қамтамасыз ету (17,2 мың бала);

– 3 мың аз қамтылған азаматты қайта оқытып шығару;

– 5 мың аз қамтылған азаматты жұмысқа орналастыру.

Ең маңызды мәселелердің бірі — өзінің жеке баспанасы жоқ 9 мың ақтөбелік көп балалы, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Ағымдағы жылы оларға 1200-ден астам пәтер беру күтілуде.

Үш жыл ішінде 110 пәтер алып беру үшін белсенді кәсіпкерлер мен меценаттар тартылатын болады.

Жалпы алғанда, 2025 жылға аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін барынша шешу жоспарлануда.

«Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру орталығы базасында кеңес берушілік және басқа да қызметтер үшін коворкинг-орталық құрылатын болады.

Сондай-ақ, іскер әйелдер кеңесі көпбалалы және аз қамтылған аналарды оқыту және жұмысқа орналастыру бойынша жан-жақты қолдау көрсететін болады.

2.7 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ

Адами капитал — бәсекеге қабілеттіліктің негізі.

Бүгінгі күні облыста 16 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 15-і ағымдағы жылы пайдалануға беріледі.

 

Алайда, халық саны өсуі және бала туу деңгейінің көтерілуіне байланысты өңірде үш ауысымдық және апатты мектептер проблемасы әлі де күн тәртібінде тұр.

Мәселен, бүгінгі күні 5 үш ауысымдық және 2 апатты мектеп бар, олар үшін республикалық бюджет есебінен 9,3 миллиард теңгеге қаржыландыру талап етіледі.

Осыған байланысты министрліктермен оларды қаржыландыру мәселелерін қарастыру жалғастырылатын болады.

 

Бұдан басқа, Ақтөбе қаласында жер қардарлығын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған мектептер жанынан 6 қосымша құрылыс жүргіземіз, бұл олардың жүктемесін елеулі түрде арттыруға мүмкіндік береді.

 

Ағымдағы жылы мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады, оның ішінде 20-сы жаңа пәндік кабинеттермен қамтамасыз етіледі.

Облыстағы мектептердің 66%-ы және балабақшалардың 70%-ы балалардың қауіпсіздігін арттыру үшін бейнеқадағалау жүйесімен қамтамасыз етілетін болады. Бұл мақсатқа   миллион теңге бөлінді.

Сондай-ақ балабақшаларда орынмен қамтамасыз ету маңызды мәселе болып табылады.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 34 жаңа балабақшаны іске қосу есебінен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту бойынша орын жетпестігін жоюды жоспарлаудамыз.

2.8 ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

Бүгінгі күні дене тәрбиесі және спорт саласы белсенді түрде дамытылуда, халықаралық деңгейдегі көптеген нысандар салынды.

Бұл облыс тұрғындарының 31%-ын  дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданумен қамтуға мүмкіндік берді, ағымдағы жылы қосымша 5 мың адамды қамту жоспарлануда (қамту 32%-ға дейін көтеріледі).

Елбасының тапсырмаларын орындау үшін ағымдағы жылы 4 аудандық дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталатын болады (Мәртөк, Ырғыз, Қарғалы және Әйтеке би аудандарында).

Темір ауданындағы Шұбарқұдық селосында және Байғанин ауданындағы Қарауылкелді селосында, Хромтау ауданындағы Хромтау қаласында дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерінің құрылыстарына қосымша қаржы бөлу жоспарлануда.

Жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындағаннан кейін Ойыл және Мұғалжар аудандарында дене тәрбиесі-сауықтыру кешендері құрылысы жоспарланады.

Осылайша облыстың әрбір ауданы 2021 жылға дене тәрбиесі-сауықтыру кешендерімен қамтамасыз етілетін болады.

Сондай-ақ, Ақтөбе қаласында бюджеттен тыс қаржы есебінен халықаралық деңгейдегі жеңіл атлетикалық манеждің құрылысын жалғастырамыз және таяу уақытта Бокс орталығы құрылысын бастаймыз.

2.9 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Денсаулық сақтауды дамытуға барынша назар аударылатын болады.

Негізгі міндет – медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын және тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсарту.

Аудандық ауруханаларды жарақтандыруға 800 миллион теңгеден астам қаржы бөлу болжамдалуда.

Ақтөбе облысын Батыс Қазақстан медицинасы орталығы ретінде орнықтырумен медициналық кластерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасын табатын болады.

Консультативтік-диагностикалық орталық салынуда, балалар онкогематология бөлімшесінің құрылысы аяқталуға жақын.

Шаралар кешені денсаулық сақтау саласындағы негізгі көрсеткіштерді жақсартуға: бала туу өсімін – 2%-ға арттырып, ана өлімін – 3,8%-ға азайтуға мүмкіндік береді

IІІ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫН КӨТЕРУ, ЦИФРЛАНДЫРУДЫ ДАМЫТУ

4.1 Мемлекеттік қызметтер

Тұрғындардың жергілікті атқарушы органдарға сенім деңгейін көтеру азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынумен сабақтас.

Өткен жылы 33% өсімімен 6,1 миллион теңгеге қызмет көрсетілді.

Ағымдағы жылы мемлекеттік қызмет түрлерінің 80%-ы электронды форматқа көшірілетін болады, ол 2020 жылы – 90%-ға жеткізіледі.

Цифрлық технологияны қолданумен бір терезе принципі бойынша Ақтөбе қаласында «Халықтық кеңсе» («Народная канцелярия») ашылды, мұнда 600-ден астам қызмет көрсетіледі.

Осындай жобалар Шалқар және Алға аудандарында да жүзеге асырылды.

Алдағы уақытта облыстың барлық аудандарында да «Халықтық кеңсені» ашу жоспарлануда.

4.2 Цифрландыру

Бүгінгі уақыт – ақпараттық технологиялар ғасыры.

Сондықтан да барлық саланы цифрландыру бойынша жұмыстар «Зерде» ақпараттық технологиясы ұлттық операторымен тығыз байланыста ерекше бақылауда болады.

Соңғы цифрлық технологияны енгізу бойынша ұсыныстар жиынтығын айқындау үшін облысты цифрландырудың ағымдағы ахуалына диагностика жүргізу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы жоспарланып отыр:

– балабақшаларда, қосымша білім беру субъектілерінде, мектептерде, колледждерде, ауруханаларда өтініш қабылдаудан жолдама беруге дейінгі барлық іс-қимылдардың есебі мен автоматтандыруды 100% қамтамасыз ету;

– «112» бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет құру жоспарлануда;

– құқықбұзушылықты фотоға, видеоға түсіру және талдау жүйесін іске қосу;

– қоғамдық көлікте электронды билеттендіру;

– коммуналдық қызметтер приборлары есебі, ақылды жарықтандыру (Ақтөбе қаласында ЛЭД-лампаға көшу), «Е-КСК» және «Е-Шаңырақ» жүйелерін дамыту;

– білім берудің жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйымдарында бейнеқадағалау камералары орнатылатын болады (88 мектепке дейінгі ұйымда және 35 жалпы білім беретін мектепте);

– 12 ауданда және Ақтөбе қаласында 23 IT кластар ашылатын болады.

4.3 Сапалы интернетпен қамтамасыз ету

Цифрлық әлем және жаһандану жағдайында интернеттің болмауы — үдемелі әлеуметтік және экономикалық даму үшін үлкен кедергі.

Өкінішке қарай, бүгінгі күні облыс бойынша сапалы интернетпен қамту бойынша проблема орын алып тұр.

Мәселен, селолық елді мекендердің 11,5%-ы ғана (339-дан 39-ы) байланыстың талшықты-оптикалық желілеріне қосылған.

Жобалардың республикалық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2018-2020 жылдары облыстың 27 селолық елді мекенінде байланыстың талшықты-оптикалық желілері құрылымдалатын болады, бұл селолық елді мекендердің 19,5%-на дейін байланыстың талшықты-оптикалық желілерімен қамтуға мүмкіндік береді.

LTE жобасы аясында 2019-2021 жылдары 74 селолық елді мекен жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Соның нәтижесінде селолық елді мекендерде жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етушілік 41% құрайды.

2021 жылға дейін байланыстың талшықты-оптикалық желілерімен 236 селолық елді мекенді қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз, бұл облыс тұрғындарының 93%-ын қамтиды.

Бұл ретте қалған 103 селолық елді мекенді жылдамдығы 4 Мбит/с-тан кем емес сапалы байланыспен қамтамасыз ету жоспарлануда..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Поделитесь новостью с друзьями