Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Қандастардың құжаты жеңілдейді

Дата: 11 апреля 2019 в 09:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елімізге қоныс аударып, атажұртқа тұрақты  тұруға келген шетелдік қандастарымыздың зейнеткерлік құжаттары біршама жеңілдейді.  Елбасының V Дүниежүзілік қазақтар құрылтайындағы тапсырмаларын орындау мақсатында еліміздің зейнетақымен қамсыздандыру туралы қолданыстағы заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Тарихи отанға оралған этникалық қазақтардың ол жақтағы еңбек қызметі есепке алынатын болды.

«Халықтың көші-қон туралы» Заңының тармақтарында этникалық қазақтар — шетелде тұрақты тұратын ұлты қазақ немесе азаматтығы жоқ адамдар болып белгіленген. ҚР аумағында болудың басты түрлері — тарихи отанға оралу, отбасын құру, білім алу, жұмысқа келу және гуманитарлық саяси мәселелер. Бұл жерде ескерілетін жайт тұрақты тұру мақсатында ғана келген шетелдік қазақтардың шығу еліндегі қызмет өтілі есептеледі. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы шықты. Қандастардың бұрынғы тұрған еліндегі еңбек қызметін растайтын құжатқа өзгерістер енгізіледі. Бұл жерде құжаттың бірыңғай түріне талап қойылмайды және оны заңдастыру көзделмеген.

Азаматтардың құжаттары шыққан елмен берілгендігін ескере отырып, құжаттардың дұрыстығы «Нотариат туралы» Заңының талаптарына сәйкес бір тілден екінші тілге аударылғаны расталады.

Жаңыл АЙМҰХАМБЕТОВА,

көші-қон департаментінің №2 зейнетақымен және

әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті