Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

«Шалқар саясының» қуанышы

Дата: 14 января 2019 в 09:52 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

По сообщению сайта Ақтөбе газеті

Шалқар қаласындағы «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау орталығы қоғамдық бірлестігінде түрлі тәрбиелік мәні зор шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жастардың шахмат сайысы, өнерлі өрендердің қолөнер көрмесі, мүмкіндігі шектеулі жандарға жігер сыйлайтын танымдық жүздесулер  өткізу аталған бірлестіктің жұмыс жоспарынан түскен емес.

Таяуда «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Нағима Тілембаеваның бастамасымен осы ғимаратта үлкен қайырымдылық шарасы өтті. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы «Музей» бастауыш партия ұйымы мүшелері осы шараға белсенділікпен қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға әсерлі қуаныш сыйлады. Аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары да бұл мәнді шарадан қалыс қалмай, өз қолдауларын білдірді. Шара аясында бірлестік ғимаратынан мүгедектерді қолдау кабинеті салтанатты түрде ашылды. Ауданның білім бөлімінің кәсіподақ төрайымы Гүлзира Махат қаладағы №1 мектеп-гимназияның бір кіші қызметкеріне еліміздегі алдыңғы қатарлы шипажайға барып демалуға сертификат табыс етті. «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы Нағима Тілембаева аталмыш орталықпен тығыз байланыста болатындығын, келешекте де мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында бірқатар шараларды өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Осы шара барысында  үлкен істі қолға алып, өмірге құштарлықтың ерен үлгісін көрсеткен «Шалқар саясы» мүгедектерді қолдау орталығының басшысы Ерлан Алдашевқа ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хат пен сыйлық табысталды.

 Мұхтар МЫРЗАЛИН,

Шалқар қаласы.