Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Құрметті редакция ұжымы! Қымбатты оқырман!

Дата: 19 июня 2018 в 12:12 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Сіздерді «Актюбинский вестник» газетінің ғасырлық мерейтойымен құттықтаймыз!

Мерзімді баспасөз құралы үшін 100 жыл — ұзақ та ұлағатты ғұмыр. Осы уақыт ішінде «Актюбинский вестник» газеті аймақтағы ең сыйлы, орнықты, салмақты басылымдардың біріне айналды.

Облыстық газетті өңір тұрғындары басқа басылымдардан гөрі жақын тартып тұрады, дос, ақылшы, кеңесші санайды. Газет облыс даңқын асырып жүрген адамдар мен оқиғалар, өңір тарихында қалатын жаңалықтар жайлы үзбей баяндайды, оқырманды облыстың, жалпы, бүкіл еліміздің тыныс-тірлігінен хабардар етеді. Газет беттерінен қоғамдық-саяси өмір мен білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларындағы ең өзекті тақырыптарды кезіктіресіз. Жастар, экология, әлеуметтік мәселелер төңірегінде жан-жақты баяндалған, ауқымды материалдар жиі жарияланады.

Аптасына үш рет «Актюбинский вестник» газетінің жаңа нөмірі он мың ақтөбелік отбасыға жол тартады. Бұған қоса, қазіргі интернет пен цифрландыру заманында мыңдаған онлайн-оқырмандардың бары да сөзсіз.

Өткен жүз жыл ішінде басылымның атауы бірнеше рет өзгергенмен, ұстанған бағыты, мақсат-міндеттері өзгерген жоқ.Алаш алыбы Ахмет Байтұрсыновтың: «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» — деп атап айтқанындай, «Актюбинский вестник» қашанда елдің, халықтың игілігіне ғана қызмет етіп келеді.

Облыстың бірінші газетінің редакциясында әрдайым қарымды қаламгерлер еңбек етті. Өлкенің атақты журналистері, ақын-жазушылары өз шығармашылық жолдарын нақ осы газеттің редакциясынан бастады.

Сіздердің алда да бар күш-қайраттарыңызды қоғамның жарқын болашағы мен ақтөбеліктердің игілігі жолында жұмсайтындарыңызға, газетте жұмыс істеп жүрген жас буын өкілдерінің алдыңғы толқын қалыптастырған ізгі дәстүрді жалғастырарына сенеміз.

Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыстар мен үлкен жетістіктер тілейміз!

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары:

Бектас БЕКНАЗАРОВ, Марат ТАҒЫМОВ, Мұхтар ЖҰМАҒАЗИЕВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті