Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Ынтымақтастықтың ілгерілеу бағытымен

Дата: 19 мая 2018 в 12:02

Ақтөбедегі Орынбор облысы күндері екі өңір арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсудің жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Кеше атқарушы биліктердің іс-әрекеттерін үйлестіру жөніндегі бірлескен өңіраралық жұмыс тобының мәжілісі осы бағыттағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, өзара пікір алмасып, бірқатар алда атқарылар шаруалар туралы айтылды.

— Осындай бірлескен кеңес бұған дейін Орынбор облысында өткізілген еді. Онда қозғалған біраз мәселелер жанды жалғасын тапты. Екі облыс арасында тауар айналымы бұрынғыдан арта түсті, бірлескен кәсіпорындар жұмысында ілгерілеушіліктер бар. Осының барлығы екі жақты ынтымақтастықтың тиімділігіне көз жеткізеді, — деп атап көрсетті жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

Одан кейін сөз алған Орынбор облысы Үкіметінің бірінші вице-губернаторы — Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Сергей Балыкин интеграция, кооперация мәселелеріндегі экономикалық ынтымақтастық жайын қозғады.

— Бүгінгі күні Орынбор облысында қазақстандық капиталдың қатысуымен 82 кәсіпорын тіркелген. Осындай байланыстар нәтижесінде бұл бағытта әлі де ілгерілеулер болатындығына сенімдімін. Біздерде инвестиция салу тартымды ұсыныстар жетерлік, кездесулар барысында ол туралы жан-жақты айтылады, — деп мәлімдеді ол.

Жиында облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады. Орынбор облысы экономикалық даму, өнеркәсіп саясаты және сауда министрінің бірінші орынбасары Наталья Струнцева экономиканың маңызды буындарын дамытуға қатысты серпінді бағыттарды саралады.

Ал Орынбор облысы сыртқы байланыстар және мәдениет, халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Александр Калинин бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі шараларды одан әрі дамыту жөнінде ой өрбітті.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев өздері басқаратын салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар желісін тарқатты.

Кеңесу барысында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің көршілес екі өңір байланысын тереңдетіп дамытуға қатысты оңды ұсыныстар айтылды.

Шекаралық инфрақұрылымдарды дамыту және жаңадан өткізу пункттерін ашу жайы да күн тәртібіне қойылды.

Орынбор облысы денсаулық сақтау министрі Галина Зольникова өздеріндегі осы саладағы жетістіктерге кеңінен тоқталды.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

По сообщению сайта Ақтөбе газеті