Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жетістік — жаңа технологиялардың нәтижесі

Дата: 11 января 2018 в 01:32 Категория: Новости высоких технологий

Жетістік — жаңа технологиялардың нәтижесі

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев облыстағы ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерімен, осы саладағы кәсіпкерлермен кездесті.  Кездесудегі басты мақсат — Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауының мәні мен мазмұнын түсіндіру және ауыл шаруашылығы саласына қатысты маңызды мәселелерді талқылау.

Облыс әкімдігі ғимаратында өткен кездесуде депутат М.Жұмағазиев облысқа жасаған сапары кезінде аймақтың бірқатар аудандарында болып, халықпен кездесу өткізгенін айтты.

— Биылғы Жолдау — «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Елбасы айтқандай, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде. Өздеріңіз білесіздер, елімізде «Қазақстан-2050» даму стратегиялық бағдарламасы қабылданды, алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсаты қойылды. Осыған сәйкес «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары жүзеге асырылуда. Сол сияқты, былтыр Қазақстанның Үшінші жаңғыруы бастау алды. Бұл жөнінде біраз жұмыстар атқарылды. Индустрияландыру бағдарламасы табысты іске асуда, «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданды. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі дамуының кешенді стратегиялық жоспары жасалды. Осы бағыттар бойынша елімізде өткен жылы  кешенді жұмыстар жүргізілді.  Енді кезекті Жолдауда көрсетілген он бағыт бойынша алдымызға нақты міндеттер алдық, — деп сенатор М.Жұмағазиев жиналғандарға Жолдаудағы он бағытқа жеке-жеке толып, оның мәнін тереңірек түсіндірді.

Халық қалаулысы Жолдауда айтылғандай, елімізде  табысты жұмыс істеп келе жатқан нарықтық экономика моделі қалыптасқанын сөз етті. «Өткен жылы еліміз әлемдік дағдарыстың қолайсыз салдарын еңсеріп, сенімді өсу жолына қайта түсті. Жыл қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің өсуі 4 процент болып, ал өнеркәсіптік өнімнің өсуі 7 проценттен асты. Бұл орайда, өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеуші сектордың үлесі 40 проценттен асып түсті. Қазақстанның қолайлы дамуы орта таптың қалыптасуына мүмкіндік берді. Кедейшілік 13 есе қысқарып, жұмыссыздық деңгейі 4,9 процентке дейін төмендеді», — деген Президент сөзін ел аймақтарында, оның ішінде Ақтөбе облысында атқарылып жатқан нақты жұмыстармен байланыстырды.

Мұхтар Жұмағазиев Жолдаудың жетінші бағыты турасында айтқанда, білім беру саласына ерекше тоқталды. Ол былтыр Ақтөбе облысында 31 жаңа мектептің құрылысы жүргізілгенін, мұндай қарқынды жұмыстың бұрын-соңды облыс тарихында болмағанын ерекше атады.

Сондай-ақ, жиында ауыл шаруашылығы саласы мамандары, «АкТеп» ЖШС директоры Нұрлан Сағыналин Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді. Өз кезігінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сәрсенбай Құсайын өңірде бұл салада атқарылған жұмыстар нәтижесін айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

— Елбасы өткен жылғы Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру керектігін айтқан болатын. Биылғы кезекті Жолдауында да ауыл шаруашылығы саласын жетілдіруге ерекше мән беріп отыр. Қазір облыста аграрлық саланың дамуы бірқалыпты деп айтуға болады. Өткен жылды 5,3 пайыз жалпы өнімді өсіммен аяқтап отырмыз.  Бұл — жақсы көрсеткіш. Яғни, республикада бесінші орында тұрсақ, облыстар арасында Ақтөбе төртінші орыннан көрінеді. Былтыр облыс тарихында болмаған өнім көрсеткішіне ие болдық. Егіс алқаптарында әр гектардан 13,2 центнерден өнім жиналды. Мұның барлығы — Жолдауда айтылғандай, жаңа технологиялардың нәтижесі деп білуіміз керек. Бүгінгі күні облыста біршама шаруашылықтар осы дәлдік технология бойынша жұмыс істеуге көшті. Осының нәтижесінде шаруашылықтар жақсы өнім алып отыр. Заманауи технологиялар ауыл шаруашылығының мал шаруашылығы секторында да жүзеге асырылуда. Өткен жылы бұл салада мемлекеттік қызмет көрсету 8 пайыз ғана қағаз жүзінде болса, ал биылғы жылдан бастап егіс саласында ақпараттық автоматтандырылған жүйе негізінде жұмыс істеуге көшпекпіз. Жақында Алматы қаласында өткен республикалық саммиттен білгеніміз, елімізде агротехнологиялық хаб құру ұйымдастырылып жатыр екен. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 341 миллион теңге қаражат қарастырылған. Сол жерде біз келісімге келдік. Бүгінгі күні Қазақ аграрлық университетінің ректоры мен Агротехнологиялық хабтың директоры облыс әкіміне хат жазып отыр. Олар Агротехнологиялық хабтың алғашқы филиалын Ақтөбеден ашуды көздеп отыр. Егер осы хабтың филиалы бізде ашылса, бұл салада ғылыми жұмыстар жолға қойылады деп есептейміз. Сондықтан Елбасының Жолдауда алдымызға қойып отырған міндеттерін орындауда біздің мүмкіншіліктеріміз бар, — деді басқарма басшысы.

Жиынды қорытындылаған сөзінде М.Жұмағазиев өзі еңбек еткен саланың, әсіресе өзінің бұрынғы ұжымдастарының Жолдаумен жете танысып, оны насихаттауға күш салатындарына сенім білдірді.

Бұдан кейін Сенат депутаты М.Жұмағазиев Алға ауданының Бестамақ ауылында болып, «Парижская коммуна ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Қазір бұл кәсіпорында 100-ге жуық адам еңбек етеді. Серіктестік иелігінде 40 мың шошқа өсіріледі. Мұнда жылына 7,5 мың тонна ет өндіріліп, негізінен Ресей нарығына шығарылады.

Депутат еңбек ұжымымен кездесу сәтінде Жолдауды насихаттап, ауыл шаруашылығы саласына қатысты өзге де мәселелерге нақты жауап берді.

Арайлым НҰРБАЕВА.   

По сообщению сайта Ақтөбе газеті