Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Жамбыл облысында 7 ұйымның бағалау жұмыстары аяқталды

Дата: 07 декабря 2016 в 08:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бүгінгі таңға, 7 ұйым бойынша бағалау жұмыстары аяқталды, бағалау жұмыстары аяқталған 1 кәсіпорын мен 1 жылжымайтын мүлік бойынша тендерлер өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Асқар Санатұлы хабарлады.

Басқарма басшысының ақпаратынша, мүліктік кешен ретінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл медициналық колледжі» КМҚК-ның кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпараттық хабарлама республикалық «ЗакупИнфо» газетінің 2016 жылғы 3 қарашадағы №207 (1151) нөмірінде жарияланып, тендер 2016 жылдың 22 қарашасында өтті. Объектінің сатылу бағасы 2, 0 млрд. теңгені құрады.

Тараз қаласы, Театральная көшесі, 2 мекен-жайында орналасқан «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық онкологиялық диспансері» ШЖҚ МКК-ның ғимаратын кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпараттық хабарлама республикалық «ЗакупИнфо» газетінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №211 (1155) нөмірінде жарияланып, тендер 2016 жылдың 29 қарашасында өтті. Объектінің сатылу бағасы 121,6 млн. теңге болды.

Сонымен қатар, мүліктік кешен ретінде Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы №2 және 7 қалалық емханаларын, Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығын, Жамбыл облыстық стоматологиялық емханасын және Жамбыл облыстық тері-венерологиялық диспансерін кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы ақпараттық хабарламалар республикалық «ЗакупИнфо» газетінің 2016 жылғы 25 қарашадағы №223 (1167) нөмірінде жарияланып, тендер 2016 жылдың желтоқсан айының 13-14 күндеріне белгіленіп отыр.

Ал, қалған 5 ұйым бойынша, яғни №1, №4, №9 қалалық емханалары мен облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы диспансерлеріне бағалау жұмыстары №1 қалалық емханасы толық көшіп — қонып, әділет органында құқықтанушы құжаттарын даярлағаннан кейін жасалатын болады.

Ал, «Айша бибі санаториін» кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру 2018 жылға жоспарланды. Бұл мәселелер тұрақты бақылауға қойылған, — деп хабарлаған басқарма басшысы А.Қырықбаев брифинг соңында журналистердің сауалдарына да жауап қайтарды

По сообщению сайта Новости пресс-служб

Поделитесь новостью с друзьями