Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Семейдегі зияткерлік мектеп «100 кітап» жобасын іске асыруда

Дата: 09 апреля 2015 в 10:38

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде «100 кітап» жобасына арналаған шара өтті. Білім ордасындағы кітапханада ұйымдастырылған бағдарлама аясында түрлі ойындар мен «BINGO», «Кітап іздеу» атты акциялар ұйымдастырылып, командалар шығармашылық жұмыстары мен қойылымдарын ортаға салды, — деп хабарлайды Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі. Жалпы, «100 кітап» жобасының мақсаты — оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу.


Бұл күні сондай-ақ, кітапханада «100 кітап» тақырыбына арналған көрме ашылып, қатысушылар оқу барысында өздерін қызықтырған кітаптарын таңдады. Солардың ішінде «Жетім», «Ұшқан ұя», «Жабайы алма», «Қызыл кітап», «Менің атым Қожа», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Махаббат қызық мол жылдар», «Great Expectations», «Adventures of Tom Sawyer», «The Time Machine», «Alice in Wonderland», «The Wonderful Wizard of Oz», «The Little Prince», «Jane Eyre», «Prideand Prejudice», «Romeo and Juliette», «Oliver Twist» сынды көптеген қызыққа толы кітаптар болды.

«Шара барысында оқушылар жапсырмалы қағаздармен «Сөйлейтін қабырғаны» көркемдеп, өздері оқып шыққан кітаптардың мазмұнын ашуға тырысты. Нәтижесінде көп тізімінің арасынан «Жетім», «Менің атым Қожа» және «The Wonderful Wizard of Oz» көп оқылған ең үздік кітаптар болып танылды. Аталмыш шара «100 кітап» жобасы тізіміндегі кітаптарға деген жас оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған еді. Бұл ретте алға қойған мақсат ақталды десе болады. Өйткені, жас оқырмандар шара барысында қойылған тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің әлі оқымаған кітаптарына деген қызығушылықтарын арттырды»
Осылайша Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «100 кітап» жобасын жүзеге асыруда өздерінің қомақты үлесін қосып отыр. Бұл өз кезегінде өзге де оқушыларға жоба аясында белгіленген кітаптарды қызыға оқуына өз септігін тигізбек.




Жалпы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен елімізде бой көтерген Зияткерлік мектептерде оқушылардың жан-жақты дамуы үшін толық жағдай жасалуда. Зияткер тұлғаны тәрбиелеп, баланың бойында рухани, патриоттық, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарды сіңіру – мектептің басты қағидаларының бірі.

Асқар МЫҢБАЕВ

По сообщению сайта Arna Press