Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Қазақстанда «McDonalds«-ты ашуға Қайрат Боранбаев қанша ақша салды

Дата: 21 ноября 2014 в 14:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда \"McDonalds\"-ты ашуға Қайрат Боранбаев қанша ақша салды

Елімізде көптен күтілген Макдональдс мейрамханалары ашылмақ. Жылдам тамақтануға арналған алпауыт америкалық желінің франшизасын жуырда ғана 8 жыл бойы үздіксіз басқарған қызметін, жеке бизнес құру үшін тастап кеткен «ҚазРосГаз» компаниясының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаев сатып алған.


Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Биг мак, фри, чикен макнаггетс сынды қол жетімді фаст фуд өнімдерімен бүкіл әлемге танылған желіні кез келген шет мемлекетте кездестіруге болады.

Алайда көп жылдан бері оның Қазақстанға келуіне бей ресми түрде тыйым салынған десетін. Кәсіпкерлердің айтуынша, бір «McDonalds» өзі ұқсаған 10 өзге компанияның өтімділігін төмендетіп тастауға қауқарлы.

Ал Қазақстандағы әрбір ұтымды бизнес шенді-шекпендінің қолында екендігін ескерсек, бұл бәсекелестерге тиімсіз болған көрінеді.

«Қазір мысалға көп компанияларға эмбарго дейді ғой, санкция деген Ресейге шықты. Біз Кедендік одақта болғандықтан тауардың барлығын логистика бойынша сол жақтан аламыз. Әлбетте олар өткізбесе, бізге де келе алмайды. Сондай саясат аспектілері кедергі болуда ірі брендтердің елімізге келуіне», — дейді  Еуразиялық франчайзингтік қауымдастық президенті Бекнұр Қисықов.

Жалпы танымал брендтердің франшизасы орта есеппен алғанда 45-тен 100 мың долларға дейін бағаланған. Сонымен қатар, аталмыш тауар белгісінің жалғыз ғана сауда нүктесін немесе бір ғана мейрамханасын ашу үшін 1 миллион доллардай қаржы қажет. Бұл ақшаны 10, 20 еселеп санап көріңіз.

Яғни мұндай франшиза алып, оның дамуына инвестиция құю — тек қалталылардың ғана дәргейінде екен. Мамандардың айтуынша, халықаралық брендтер Қазақстандағы халық санының аздығына байланысты да кері айналып кетіп жатады.

«Ірі франшизалар — бұл өте прагматикалық компаниялар. Олар бірінші кезекте халық санына қарайды. Тұрғындарының саны 3-5 миллионға жуықтамаған қалаларда ашылуына мүлде тыйым салынған франшизалар да бар. Десе де экономикалық өсім артқан сайын, қалаларымыз дамып келеді. Болашақта Алматы франшизаға ең тартымды қалалардың бірі болады деп сенеміз», — дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимова.

Келер жылы Қазақстанға «McDonalds«-пен қатар әлем бойынша ең көп жылдам тамақтану орындары бар «Subway» компаниясы да келеді екен. Сонымен қатар кофе сататын «Starbucks» пен киім-кешек саудасымен айналысатын «H&M» компанияларының да ауылы алыс емес.

По сообщению сайта Nur.kz