Facebook | Город Алматы 
Выберите город
А
  • Актау
  • Актобе
  • Алматы
  • Аральск
  • Аркалык
  • Астана
  • Атбасар
  • Атырау
Б
  • Байконыр
Ж
  • Жезказган
  • Житикара
З
  • Зыряновск
К
  • Капчагай
  • Караганда
  • Кокшетау
  • Костанай
  • Кызылорда
Л
  • Лисаковск
П
  • Павлодар
  • Петропавловск
Р
  • Риддер
С
  • Семей
Т
  • Талдыкорган
  • Тараз
  • Темиртау
  • Туркестан
У
  • Урал
  • Уральск
  • Усть-Каменогорск
Ф
  • Форт Шевченко
Ч
  • Чимбулак
Ш
  • Шымкент
Щ
  • Щучинск
Э
  • Экибастуз

Жаңа ресімдеу жүйесі азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша бекіте түседі

Дата: 11 января 2013 в 07:42 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Жұма, 11 қаңтар, 2013

Жаңа ресімдеу жүйесі азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша бекіте түседі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың Алатау ауданында жаңадан ашылған мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, құжаттандыру қызметінің жүйесімен танысты.
Көлік және коммуникация министрлігі, Ішкі істер министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігі бірлесіп автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру секілді құжаттандыру ісін жүйелендіруді жуырда ғана қолға алған еді. Мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында автокөліктерді тіркеуге алатын, жүргізуші куәліктерін ресімдейтін операциялық залдар, емтихан тапсыратын арнаулы кабинет және тіркелген автокөліктердің жеке құжаттары мен жүргізуші куә­ліктерін әзірлеуге арналған электронды техникамен жаб­дықталған бөлме мен дайын құ­жат­тарды беру секторы бар.
Алматы қаласының тұр­ғы­лықты халқына қызмет көр­се­те­тін орталық қос қабатты алып ғимаратқа орналасса, бір мез­гіл­де 14 көліктің агрегатын тексеру мүмкіндігіне ие пунктпен, тә­жірибелік сынақ тапсыруға ар­налған аумағы 1 гектар жерді құ­райтын автодроммен және ке­лушілер үшін 500 автокөлікке ар­налған арнайы тұрақпен қамтылған ауқымды нысан.
– Құжаттандыру мәселесінде халыққа жеңілдіктер тудыру үшін еліміздің төрт бірдей ай­мағында – Астана, Алматы, Ақ­тау, Қарағандыда, міне, осындай ор­талықтандырылған Халыққа қызмет көрсету орындарын ашу туралы арнайы тапсырма берген едім. Мұндай ХҚО-лар бо­лашақта басқа да қалаларда ашылатын болады. Бұл – құжат алу жолдарын жеңілдетумен қатар, аталған қызмет саласында сы­байлас жемқорлықты болдырмайтын жүйе. Сондай-ақ, кө­лік жүргізуге құжат алудың ха­лық­қа ыңғайлы жолы. Бұрынғы ке­дер­гілер мен қиыншылықтар азайды. Азаматтарымыз баяғыдай 7-8 сағат күтпейді, 1,5-2 сағаттың ішінде керек құжаттарын ала алады. Заманауи үлгідегі техникалық байқау құралдары, бейнебақылау, электронды құжаттандыру, керекті құжаттарды тапсыру мен алудың заманауи жүйесі азаматтардың уақытты тиімді пайдалануына жағдай тудырады. Мен мұны еліміздегі елеулі оқиға деп санаймын.
Сонымен қатар, Алатау ауданында халық игілігіне жарайтын көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, бұл аудан бұдан да көркейе түсіп, қоныстанушылардың саны артатын болады, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев журналис­термен жүздесуінде.
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпал­дас­тыру, бизнес-үдерістерді ав­томаттандыру, мемлекеттік ор­ган­дардың ақпараттық жүйесін интеграциялауда бірізділік жүйе орнап, құжаттар дайындауға жауап беретін орындаушылармен тікелей байланысты алып тастаудың арқасында алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету уақыты жеңілдей түседі, сондай-ақ құжаттарды жедел алудың мүм­кіндігі артады. Бұған дейін автокөлікті тіркеу-қайта тіркеуге шамамен 6-7 сағат уақыт кететін болса, енді бар болғаны 2 сағатқа жуық уақыт ішінде жедел әрі сапалы рәсімделетін болады.
Бұған қоса, құжаттандыру са­ласында халыққа қызмет көр­се­туші «ХҚО» РМК Алматы қа­лалық бөлімшесі мен ІІМ ЖПК Алматы қаласы бойынша Жол полициясы басқармасы қыз­мет­кер­леріне міндеттердің нақты бө­лінуі де құжаттандыру ісіне өз септігін тигізбек. Мысалы, ор­та­лықтың операторлары қажетті құжаттарды қабылдаса, жол полициясы қызметкерлері көлік агрегаттарының сәйкестігін тексерумен бірге, автомобильдердің техникалық паспортын және жүргізуші куәлігін әзірлеумен айналысып, азаматтардың бірер күнде түрлі мекемелерді аралап жүріп орындайтын шаруасын бір мезгілде атқаратын болады. Құжаттарды ресімдеу қызметтерін бір кешеннің аясында топтастыру уақытты үнемдеумен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету ісін бірізділікке жүйелендіреді.
ХҚО — ның жалпы жұмыс барысымен танысып шыққаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жол полициясы қызметкерлерінің атына сарсаңға салушылық, жемқорлық фактілері, төрешілдік сияқты белгілі бір сыни пікірдің айтылатынын, ел ішінде сондай көзқарас қалыптасып келгенін тілге тиек етті.
– Бүгінде автокөлікті тіркеу, жүр­гізуші куәлігін, мемлекеттік тіркеу нөмірін алу және өзге де қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыру барлық құжатты бір жерден алумен қатар, азаматтардың жол полициясы қызметкерлерімен байланысын барынша азайтып, осын­дай жағымсыз фактілерді жоюға мүмкіндік береді және Ал­матының барлық тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасайды, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Көлік және коммуникация ми­нистрі Асқар Жұмағалиев Қа­зақстан Президентіне автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру міндетін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бас­қа­руына беру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы, сондай-ақ жаңа ресімдеу жүйесінің тиімділігі мен ерекшеліктері ту­ра­лы баяндап, Елбасын ел игі­лі­гіне арналған орталықтың ғи­маратымен, жұмыс істеу үдерісімен таныстырып шықты.
Бұған дейін автокөлік құ­рал­дарын тіркеумен және жүр­гі­зуші куәлігін берумен айналы­сатын еліміздегі алғашқы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығы 2012 жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды қаласында ашылған болатын. Қазақстан Президенті Алматы қаласында өз қызметін бастаған жаңа орталықтың жұмыс барысымен таныса келе, осындай мамандандырылған орталықтарды еліміздің барлық облыс ор­талықтарында ашу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».

 Принтерден шығару

Тақырыпты Форумда талқылаңыз

По сообщению сайта Егемен Қазақстан газеті