Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 87

Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды

Arna Press, 01 ноября 2023 в 12:08

Түркістан облысында оқушылар суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды
Түркістан облысында ағайынды екі бала суға батып бара жатқан зейнеткерді құтқарып қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл жағдай14 қазан күні болған. Балалардың сөзінше, сол күні өзен жағасында жүргенде олардың бірі судағы әйелді байқап қалып, екіншісін көмекке шақырады.

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды

Arna Press, 31 октября 2023 в 18:58

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды
Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.31 қазан күні сағат 14:21 шамасында «102» арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді. Қазіргі таңда азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.Сурет: Polisia.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қандай активтері Қазақстанға өтеді

Arna Press, 31 октября 2023 в 15:38

31 қазанда өткен үкімет брифингінде Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қандай активтері Қазақстанға берілуі мүмкін деген сұраққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Әңгіме Қазақстандағы АМТ активтерінің толық спектрі – бұл болат, көмір және руда бөлімдері.

Жалға берілетін пәтерлер арзандады: қазанда баға қаншалықты түсті

Крыша, 31 октября 2023 в 10:17

Жалға берілетін пәтерлер арзандады: қазанда баға қаншалықты түсті
Қазақстанда жалға берілетін пәтер арзандады. Қазан айында баға қыркүйекпен салыстырғанда 2.2 % түскен.Krisha.kz-тің аналитика бөлімі хабарлағандай, пәтерақы сомасы мониторинг жүргізген 13 қаланың 8-інде азайған. Қазан айында баға жаз басталғалы алғаш түскені тіркелді. Шілде мен тамызда ұзақ уақытқа жалға берілетін пәтер құны 4–7 % өскен болатын.

«Қорғас» ШЫХО-да Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартқан

Arna Press, 30 октября 2023 в 13:08

Ішкі істер министрлігі ҰҚК-мен бірлесіп, «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ аумағындағы сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенін бүркемелеп, заңсыз ұйымдастырылған притондар мен казинолардың жолын кесті, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Аталған әрбір нысан тәулік бойы жұмыс істеп, күзетпен және қатаң фейс-бақылаумен қамтамасыз етіліп, негізінен шетелдік азаматтарды ғана қабылдап отырған.Қылмыстық «бизнес» жоғары пайда мен құпиялылықты уәде ете отырып, Қазақстанның жас қыздарын алдап-арбау арқылы жыныстық құлдыққа тартуға бағытталған.– Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және ҰҚКД 5 басқармасының қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, бес негізгі фигурантты, оның ішінде екі шетелдік азаматты ұстады.

«Бізді базармен салыстырмаңыздар!» Ісмер әйел қыз жасауын тігуден түсетін пайда туралы айтты 30 октября 2023, 11:55

Tengrinews, 30 октября 2023 в 12:03

Қызылордалық тігінші Шайхы Өтепованың әр күні тігін машинасының алдында өтеді. Көптеген жыл базарда сауда жасаған ол 3 жыл бұрын кәсіп ауыстырды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Шайхы Өтепова Қазалы ауданының орталығында тұрады. Бүкіл жұмыс үйінің бір бұрышында бітеді. 3 жылдан бері қанша сәбидің бесік жапқышын, қанша қыздың жасауын тіккені есінде жоқ.

Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы

Akorda.kz (KZ), 28 октября 2023 в 20:06

Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Arna Press, 28 октября 2023 в 18:28

Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасылары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. – Мен Мемлекет басшысы ретінде баршаңызға көңіл айтамын.

Министр қазақстандықтардың депозиттеріне салық салу туралы айтты

Arna Press, 27 октября 2023 в 18:49

Министр қазақстандықтардың депозиттеріне салық салу туралы айтты
Шенеуніктің айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінен алып тасталды.Сенат кулуарында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан қазақстандықтардың депозиттеріне салық салу жоспары туралы сұралды, — деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Бұл идеядан бас тарттық.

Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған

Arna Press, 27 октября 2023 в 15:08

Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған
Астана тұрғыны супермаркеттен қымбат ішімдік ұрлаған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Сауда орталығының өкілі полицияға түскі уақытта супермаркеттен қымбат алкогольдік сусынның ұрланғаны туралы хабарлап, арыз түсірген. Мән-жайды анықтауға жұмылған Байқоңыр аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 30 жастағы қала тұрғынын аталған ұрлық қылмысына күдікті деп құрықтаған.«Белгілі болғандай, супермаркетке кірген ер адам өзін ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, қолындағы пиджактың ішіне бір бөтелке алкогольді орап алған.

Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды

Arna Press, 27 октября 2023 в 10:38

Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі ұзартылды
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Қазақстанда электрмобильдерді бажсыз әкелу мерзімі екі жылға ұзартылғанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Бішкекте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында 30 мәселе қаралған.Қазақстандықтар үшін маңызды келісімдердің бірі электрон қозғалтқышы бар автокөліктерді бажсыз әкелу мерзімін ұзарту болды.«Азаматтарымыз үшін биыл электр қозғалтқышы бар жеңіл көліктерді бажсыз әкелу аяқталды, біз оны тағы екі жылға ұзарттық.

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған ер адам қайтыс болды

Arna Press, 27 октября 2023 в 10:38

Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған ер адам қайтыс болды
Қарағанды ​​облысындағы Топар ауылының сібір жарасын жұқтырған бір тұрғыны жұқпалы аурулар орталығында көз жұмды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Дәрігерлер қабылдаған барлық шараларға қарамастан, сібір жарасын жұқтырғаннан кейін жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туылған науқас қайтыс болды.Өлім күйдіргінің ауыр кезеңіне және ауыр қатар жүретін аурулардың болуына байланысты болды», — деді ол.Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіСонымен қатар, департаменттегілер түсіндіргендей, медициналық көмекке жүгінудің кешігуі әсер етті.Қалған жұқтырған науқастардың жағдайы тұрақты, деп қосты ведомство.

Баспана алуға мүмкіндік беретін «Ұлттық қор балаларға» жобасы қашан іске қосылады

Крыша, 26 октября 2023 в 16:47

Баспана алуға мүмкіндік беретін «Ұлттық қор балаларға» жобасы қашан іске қосылады
1 ақпанда Ұлттық қордан балалардың шотына ақша түсе бастайды. 18-ге толған азамат оны алуға құқылы. Баланың ата-анасы шоттағы соманы БЖЗҚ не eGov арқылы тексеріп отырса болады. Бұл жөнінде брифингте қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты.«Ұлттық қор — балаларға» жобасы елдің кішкентай тұрғындарының арнайы жинақ қорына Ұлттық қорға түскен инвестициялық кірістің 50 %-ын аударуды мақсат етеді.

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады

Arna Press, 26 октября 2023 в 15:00

Қазақстанда осал топтағы азаматтарға берілген жалдамалы баспана өз аттарына аударылатын болады
Мемлекет осал топтағы азаматтарға берген жалдамалы баспананы халық көп ұзамай жекешелендіре алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Парламент Мәжілісінде қандай жұмыс атқарылғаны туралы хабардар етті.

Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұзартылды

Arna Press, 26 октября 2023 в 14:59

Қазақстанда қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын экспорттауға тыйым салу ұзартылды
Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы бұйрығымен 7 қарашадан бастап Қазақстан аумағынан түсті металдардың қалдықтары мен сынықтарын әкетуге тыйым салу алты айға ұзартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан аумағынан әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады:Бұйрық 2023 жылғы 4 қарашадан бастап күшіне енеді.Құжат сынық тапшылығын сезініп отырған отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру мақсатында және сынықтардың заңсыз айналымына қарсы күрес шараларының бірі ретінде қабылданды.Ағымдағы кезеңде 2023 жылдың 3 мамырынан бастап Қазақстан аумағынан қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкетуге алты айға тыйым салынды.Сурет: pexels

Абай облысында төрт бала өртте қайтыс болды

Arna Press, 26 октября 2023 в 14:59

Абай облысында төрт бала өртте қайтыс болды
Аягөз қаласында үй өртеніп, оның ішінде болға төрт бала қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2023 жылғы 25 қазанда сағат 10:49-да ТЖБ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне Аягөз қаласының жеке үйлерінің бірінде түтін шыққандығы туралы сигнал түсті.
Показано 30 новостей из 3 463