14 сәуір күні Семей қаласындағы Мичурина 177 мекенжайында орналасқан Tassay моншасында өрт шыққан еді. Оқиға орнына Arnapress.kz тілшісі барып, нысанды көріп қайтты.Ағаштан салынған монша ғимараты түгелге жуық өртеніп, үстіңгі қабатқа шығу мүмкін болмай қалған. Құлаған ағаш құрылымдар мен қап-қара күйе нысан ішін толық басқан. Ішкі бөлмелерде адамдардың киімдері мен азық-түлік қалдықтары да байқалады.Монша әкімшілігінің мәліметі бойынша, өрттің шығуына моншадағы жылыту қазандығының шамадан тыс қызуы себеп болуы мүмкін.«14 сәуір 23:30-да моншаның котёлі қатты қызу себебінен өрт пайда болған.