1 ақпаннан бастап Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Massaget.kz тілшісі елдегі маңызды өзгерістерге шолу жасады. Балаларға қордан ақша бөліне бастайды 1 ақпаннан бастап балаларға Ұлттық қордан қаржы бөліне бастайды. Бұл туралы Қаржы министрлігі өкілдері мәлімдеген еді. «2024 жылы алдын ала есептеу бойынша 250 мыңнан аса жас қазақстандық оқу ақысын төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалана алады», — деген еді ведомство өкілдері. pixabay.com «Елорда жастары» бағдарламасына өтінімдер қабылданады 1 ақпанда Астанада «Елорда жастары» атты жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады.