Магнолия,
26 мая 2025
в 20:48
Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында 1995 жылдың 30 тамызы – тарихи мәні зор белес. Осыдан 30 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум нәтижесінде еліміздің қазіргі қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси, құқықтық және қоғамдық негіздерін айқындаған, болашағы үшін берік бағдар сызған маңызды құжат болды.
Arna Press,
28 августа 2024
в 19:48
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы туралы жаңа мәліметтер пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Рейстер аптасына кемінде 2 рет орындалады деп күтіледі.«Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға келісті және әуе кемелерін уақтылы жеткізу және слотты алу мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.Монреальдағы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында екі ел арасындағы авиациялық байланыс үшін жаңа перспективалар ашатын негізгі келіссөздер өтті.Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.