Популярные темы

22 наурыз: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Семейде мереке қарсаңында бірқатар жолдар жабылады

Arna Press, 20 марта 2026 в 13:08

Семейде мереке қарсаңында бірқатар жолдар жабылады
Семей қаласында Наурыз мерекесіне орай бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz қала әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасапҚала әкімдігі хабарлағандай, мерекелік іс-шараларды өткізуге байланысты қозғалыс 20 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап 22 наурыз күні 22:00-ге дейін шектеледі.Осы кезеңде келесі учаскелер жабылады: – Қайым Мұхамедханов көшесі (Шмидт көшесінен Ибраев көшесіне дейін) – Абай көшесі (Шәкәрім даңғылынан Алаш Қозбағаров көшесіне дейін) – Алаш Қозбағаров көшесі – Мұхтар Әуезов алаңы және оған іргелес аумақтар – Сонымен қатар, бекітілген сызбаға сәйкес өзге де көшелерҚоғамдық көліктердің қозғалысы уақытша өзгертіліп, айналма бағыттар арқылы ұйымдастырылады.

Семейде Наурыз: әншілермен мерекелік концерт

Arna Press, 19 марта 2026 в 15:48

Семейде Наурыз: әншілермен мерекелік концерт
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтар!Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей әкімдігіне сілтеме жасапКүні: 22 наурызӨтетін орны: Орталық алаңУақыты: Сағат 11:00Мерекеде сіздерді ұлттық дәстүрлер, мерекелік концерт, көтеріңкі көңіл-күй және ерекше атмосфера күтеді!

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады

Arna Press, 02 февраля 2026 в 13:38

Наурызда Қазақстандықтар қанша күн демалады
Наурыздағы мерекелерге байланысты қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz eGov.kz порталына сілтеме жасап.Қазақстанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күні 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады. Нәтижесінде, аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар 7–9 наурыз аралығында үш күн қатарынан демалады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 3 новости из 3