vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.