Журналистер Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды?