2025 жылғы 5-12 желтоқсан аралығында Алматыда классикалық шахматтан Қазақстан Балалар кубогының финалы өтеді. Нокаут жүйесі бойынша жарысқа түсетін 9 — 14 жастағы 16 бозбала мен қыз үздік ойыншыларды анықтайды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі KazChess сілтеме жасап хабарлайды. 2025 жылы Қазақстан Балалар Кубогы жарысы 6 кезеңді қамтыды: Әр кезеңнің қорытындысы бойынша әр жас санатындағы – 10 жасқа дейінгі және 14 жасқа дейінгі бозбалалар мен қыздарға 1-ші орыннан бастап (20 балл) 15-ші орынға дейін (1 балл) тиісті ұпайлар берілді.