Қазақстан заңнамасына сәйкес, 1 желтоқсан мен 28 ақпан аралығында жеңіл автокөліктер мен жеңіл жүк көліктерін қысқы дөңгелексіз басқаруға тыйым салынады, деп хабарлайды Arnapress.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.Қысқы шиналар көліктің барлық дөңгелегіне орнатылуы тиіс. Аталған талапты бұзған жүргізушілерге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабына сәйкес 21 625 теңгеден 86 500 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.Полиция өкілдері Астанада күннің суытуы мен көктайғақтың қыс басталмай тұрып-ақ жиі байқалатынын ескертті.