Семей қаласындағы Абай атындағы театрда «Жайық келіп, Ертіске қосылғанда» атты Абай және Батыс Қазақстан облыстары ақындарының республикалық командалық айтысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kzШара облыс әкімдігінің қолдауымен, «Amanat» партиясы және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен өтті.Айтыс Мемлекет басшысы бекіткен «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күніне орай ұйымдастырылып, елдегі рухани шаралардың бастауын Абай облысынан алды.Айтыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңір басшысы өз сөзінде «Семейдің мәдени маусымдары» жобасы аясында бұл шараның «Семей көктемінің» маңызды бөлігі екенін атап өтті.«Бүгін біз екі өңірдің рухани тоғысуына куә болып отырмыз.