Популярные темы

үкімет басшысы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Абай облысында құрылыс саласын цифрландыру жұмыстары артта қалуда

Arna Press, 10 марта 2026 в 14:28

Абай облысында құрылыс саласын цифрландыру жұмыстары артта қалуда
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов құрылыс саласын цифрландыруды жеделдетіп, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу қажеттігін атап өтті. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Arnapress.kz.Премьер-министрдің айтуынша, заңнаманы жаңартумен қатар құрылыс саласын цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті

Arna Press, 09 марта 2026 в 15:08

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Ақмола облысының Щучинск қаласында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 11 адамға жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады дейді Arnapress.kzМәліметке сәйкес, 8 наурыз күні Щучинск қаласындағы стационардың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан зардап шеккендердің бірі көз жұмған.

Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды

Arna Press, 27 января 2026 в 13:38

Үкімет басшысы балаларды зиянды контенттен қорғау үшін батыл шешімдер қабылдауды тапсырды
Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр балалардың ақпараттық қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аударды деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Үкіметіне сілтеме жасап.Үкімет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан балаларды зиянды контенттен қорғау бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.Министрдің айтуынша, қазіргі таңда қабылданған заңдар аясында балалардың жеке деректері тіркелетін цифрлық платформаларға қойылатын талаптар күшейтілген.

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты

Arna Press, 17 марта 2025 в 17:48

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.

«Мұны тоқтату керек»: премьер-министр кәсіпкерлерге үндеу жасады

Arna Press, 13 августа 2024 в 14:38

Премьер-министр кәсіпкерлерге үндеу жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Премьер-министр жұмыстарды және қызметтерді көрсету бойынша конкурста жеңіске жеткен мердігерлер қазақстандық өндірісте ұқсас тауарларының болуына қарамастан, көбінесе импорттық тауарларды сатып алатынын айтты.«Мұны тоқтату керек. Өнеркәсіп министрлігіне мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп отандық шикізат пен материалдарды пайдалану бойынша ірі мердігерлердің міндеттемелеріне мониторинг жүргізудің пәрменді тетігін әзірлеуді тапсырамын», — деді Олжас Бектенов.Үкімет басшысы Қазақстанда отандық тауарлардың бірнеше каталогтары бар екенін атап өтті.

Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды

Arna Press, 26 июля 2024 в 16:08

Олжас Бектенов орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды
Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді

Arna Press, 19 июля 2024 в 13:08

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді
Қазақстан Үкіметі көктемгі су тасқыны салдарын жоюға және зақымдалған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаражат Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды, сондай-ақ көпірлер мен су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге, реконструкциялауға және құрылыс жұмыстары үшін әкімдіктерге бөлінеді.Атап айтқанда, Ақтөбе облысында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр.Олардың ішіндеАқмола облысында Атбасар қаласына апаратын жол бөлігін, Атбасар – Сочинское автожолын қайта жаңарту, Жалтыр – Макинск автожолын, Қалқұтан ауылына, Жамбыл және басқа да елді мекендерге кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келеді

Arna Press, 24 мая 2024 в 17:18

Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келеді
Қазақстанның жаһандық логистикадағы орны нығайып келе жатыр. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновпен кездескен «Rhenus Group» неміс компаниясының басшысы Тобиас Бартц айтты. Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сонымен бірге қоймалау инфрақұрылымын жаңғырту және теміржол тасымалын дамыту арқылы Қазақстанның транзиттік қуатын арттыруға бағытталған жобалар қаралып, жаңадан қазақ-неміс кәсіпорындарын құру перспективалары сөз болды.Тобиас Бартц терминалдық қуаттарды ұлғайту үшін қазақстандық компанияларды тарта отырып, жаңа аумақтар құруға қызығушылығын білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.Ал Премьер-министр көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетті толық ашу үшін инвесторлармен ашық жұмыс істеуге дайын екенін айтты.Сурет: primeminister.kz

Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотеканы кім рәсімдей алады

Крыша, 18 марта 2024 в 15:27

Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотеканы кім рәсімдей алады
15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев елде жаңа ипотеканы іске қосу керегін айтқан еді, ал бүгін үкімет басшысы Олжас Бектенов тапсырманы орындау жөнінде жиналыс өткізді.Новая ипотека под 7 % появится в КазахстанеЖаңа бағдарламаға 300 млрд теңге бөлінеді. Демек, бағдарлама операторы Отбасы банк дәл осындай сомаға мөлшерлемесі жылына 7 %-дан аспайтын кредит береді.Бір жылда 12 мың отбасы жаңа ипотека көмегімен баспаналы бола алады.— жұмыс істейтін жастар; — жас отбасылар; — тұрғын үй төлемін алып отырғандар; — Отбасы банк салымшылары; — моноқала, аудан орталықтары, сонымен қатар ауыл тұрғындары.Кезекте тұрған азаматтардың жинаған ақшасына қатысты талап болмайды.Жиналыста сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтер саны бірден төрт есе артатыны да сөз болды.Ол үшін мемлекет 272 млрд көлемінде бюджет қаражатын жұмсайды.Билік кезекте тұрғандар үшін 4 есе көп жалға берілетін үй салуды жоспарлап отыр.Жалпы биыл үкімет үй салудан рекорд жаңартуға ниетті.

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады

Arna Press, 12 марта 2024 в 14:28

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған», — делінген хабарламада.Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.«Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді», — деді Үкімет басшысы.Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма?

Arna Press, 22 января 2024 в 15:58

Қазақстанда зейнеткерлерге салынатын салық алып тастала ма?
Премьер-министр Әлихан Смайылов БЖЗҚ-дан жинақталған зейнетақы қаражатын алу кезінде жеке табыс салығын (ЖТС) алып тастау туралы ұсынысқа жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет басшысы сенатор Бекболат Орынбековтың сауалына берген жауабында қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, жеке табыс салығы азаматтардың барлық табысына 10 пайыздық мөлшерлемемен есептелетінін айтты.

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады

Крыша, 24 ноября 2023 в 10:37

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады
«9-20-25» деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қосу үшін жылына кем дегенде 150 млрд теңге қажет. Бұл туралы үкімет басшысы мәлімдеді.— Бағдарламаны іске қосу үшін нарықтан 100 млрд теңге бөліп, Отбасы банктің таза табысынан 50 млрд алу қажет болады, — деп түсіндірді Ә. Смайылов.Оның сөзінше ипотеканы 8 мыңға жуық отбасы рәсімдей алады.Салыстырсақ, жыл басталғалы 5.5 мыңнан аса адам «7-20-25» бойынша кредит алған.

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсағаны белгілі болды

Arna Press, 31 августа 2023 в 16:38

Қанша қазақстандық зейнетақы жинақтарын баспана сатып алуға, емделуге жұмсағаны белгілі болды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2023 жылғы 31 тамызда «Аманат» партиясының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысын сараланған арттыру жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде мемлекеттің зейнетақы бағдарламасына жұмсаған шығыны 3 триллион теңгеден асады.«1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге пайдалану құқығын пайдаланды...

Жіті бақылау: Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады

Arna Press, 03 июля 2023 в 12:38

Жіті бақылау: Әлихан Смайылов облыс әкімдерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы есептерін тыңдады
Үкімет басшысы бүгінде дайындық жұмыстарының барысында өте мұқият қарауды қажет ететін проблемалық мәселелер туындап жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, бірқатар объект бойынша жөндеу жұмыстары мерзімінен кешігіп жүруде.«Бұл мәселені біз жақында өткен Үкімет отырысында талқыладық.

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды

Arna Press, 29 мая 2023 в 13:38

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 15 новостей из 15