Популярные темы

қызылорда облысы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда

SportInfo, 02 февраля 2026 в 13:46

Түркістан–2026: жас дарындар Қазақстан шахматының тарихын жазуда
Көне Түркістан нағыз Қазақстан шахматының астанасына айналды. 2026 жылғы 20–30 қаңтар аралығында мұнда, Олимпиада резервін даярлау орталығында, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Елдің барлық 17 облысы мен республикалық маңызы бар үш қаладан келген мыңға жуық бала мен жасөспірім бағдарламаның үш түрі бойынша — классикалық шахмат, рапид және блиц — жүлделер үшін таласты.

Шымкентте таеквондодан Қазақстан Чемпиондарының есімдері анықталды

SportInfo, 23 декабря 2025 в 09:36

Шымкентте таеквондодан Қазақстан Чемпиондарының есімдері анықталды
Шымкентте таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті. 18 өңірінен барлығы 273 даянг шебері қатысты. Аталған ел біріншілігі 2026 жылғы спорт маусымында Қазақстан намысын әлемдік аренада қорғайтын ұлттық құрамаға іріктеу жарысы болды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстандық таеквондо федерациясының баспасөз қызметі сілтеме жасап хабарлайды. Үш күнге созылған жарыста спортшылар, ерлер – 8, әйелдер 8 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады.

Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды

SportInfo, 02 декабря 2025 в 12:36

Алматыда күрес түрлерінен ел чемпионаты басталды
Биылғы біріншілік — үш стиль бойынша ұлттық құраманы жасақтау мен іріктеудегі шешуші кезең. Келер жылы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Азия ойындары, сондай-ақ әлем және Азия чемпионаттары күтіп тұр. Чемпионатқа қатысушылар арасында: төрт дүркін әлем чемпионатының жүлдегері Жамиля Бакбергенова, U23 әлем чемпионы Шұғыла Өмірбек, кадеттер арасындағы әлем чемпионы Нилуфар Раимова, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздыкова, U23 әлем чемпионы Сұлтан Әсетұлы, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Курбаев, әлем чемпионатының қола жүлдегері Асылжан Есенгелді, грек-рим күресінен бес дүркін әлем жүлдегері Алмат Кебиспаев және басқа да белгілі спортшылар бар.

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде

Arna Press, 10 мая 2024 в 11:58

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде
ҚР ТЖМ Атырау облысы тұрғындарына Жайық өзеніндегі су деңгейінің біршама көтерілгенін айтып, ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомстваның хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде.Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.Су тасқыны басталған кезеңнен бері 8 мамырдағы жағдай бойынша, апаттық-құтқару жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды.Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды

Arna Press, 25 марта 2024 в 15:38

Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды
Ел өңірлеріндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің телефон нөмірлері жарияланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкілдер балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен басқа да ұйымдардың әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағымдарды қараумен айналысады.Көмек керек болған жағдайда әрбір аймаққа арналған телефон нөмірлерін пайдалануға немесе Instagram-дағы жекесіне жазуға болады.АстанаАсима Бимендина+7 708 166 94 93 bala.ombudsman.astana.kz АлматыДиана Ерлан+7 771 770 51 11diana.yerlanШымкентЖанетта Жазықбаева+7 701 203 41 84zhazykbayeva_zhannetaАлматы облысыАйгүл Есімбекова+7 701 786 18 49childrens.ombudsmanАқмола облысы Асем Асаинова+7 705 519 36 15asainova_asemАқтөбе облысыНұржәмилә Төлеуова+7 778 505 80 48bala_gorgau_aktobe_Абай облысы Эльзира Жүнісова+7 777 21З 75 00elzira_ zhunusovaАтырау облысыАйжан Сәрсембаева+7 701 352 51 35Жамбыл облысыДәурен Бағжанов+7 747 187 76 47daurenbagjanovШығыс Қазақстан облысыАксана Каленова+7 705 661 41 21aksana_kalenovaКарағанды облысыИрина Киселева+7 701 444 39 74bala_qorgau_uakili_krgБатыс Қазақстан облысыЖанат Нұрмағамбетова+7 701 789 95 48Қызылорда облысы Жапырақ Ұзақбаева+7 702 782 57 17zhapyrak_uzakbaeva_73Қостанай облысыНесібелі Басенова+7 701 778 35 35zhso.kstПавлодар облысыНаталья Покидова+7 775 359 34 60natalyapokidova79Солтүстік Қазақстан облысыСәуле Сұрағанова+7 705 320 60 63suraganovasauleТүркістан облысыДинара Егембердиева+7 702 720 17 00dinaraassilЖетісу облысы Райхан Сисекенова+7 701 938 94 96bala.zhetysu.tdkҰлытау облысы Гүлмира Жаппасова+7 776 976 76 00bala_qorgau_uakili_ulytauМаңғыстау облысы Тілектес Болатбаева+7 701 463 33 09amankos_tlektesСурет: Zakon.kz

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған

Arna Press, 16 ноября 2023 в 15:28

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған
Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде қайта көлік басқарған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.«Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 02.10.20 жылы 8 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кезде тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды», — делінген хабарламада. Қызылорда облысы полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 13 қараша күні қызмет атқару барысында аудан кентінде 35 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы Audi 100 автокөлігін тоқтатқан.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіру тәртібі жеңілдетіледі

Arna Press, 04 ноября 2023 в 22:48

Қазақстандықтар үшін Байқоңырға кіру тәртібі жеңілдетіледі
Қазақстандықтар үшін Байқоңыр қаласына кіру тәртібі жеңілдетіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, қалаға кіреберісте бақылау-тексеру пункті тұр. Бұл бақылау бекетін айналып, ешкім қалаға кіріп немесе шыға алмайды. Әскерилер әрқайсының құжаттары мен рұқсаттамаларын мұқият тексереді.Байқоңырға кіру үшін кем дегенде 10 күн бұрын қалаға келу себебін көрсете отырып, өтінім беру қажет: қызметтік немесе жеке істер бойынша.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 7 новостей из 7