Қазақстанда энергия өндіруші ұйымдардың өтініштеріне байланысты электр энергиясына белгіленген шекті тарифтер қайта қаралмақ, деп хабарлайды Arnapress.kz «Ашық НҚА» порталына сілтеме жасап.Порталда Қазақстан Энергетика министрінің «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы жоба жарияланды.Құжатқа сәйкес, тарифтерді қайта қарауға 60 энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын өндіру бойынша шекті тарифтерді түзету туралы өтініштері негіз болған.Министрлік бұл шешім елді тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етуге және генерациялаушы қуаттарды жоспарлы түрде жаңғыртуға бағытталғанын атап өтті.