EKaraganda.kz,
07 мая 2026
в 20:56
Іс-шарадаҚазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Сарбаздар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, қызмет өткеру барысындағы құқықтық мәселелер, заңдылықты сақтау және өз құқықтарын қорғау жөнінде жан-жақты түсіндірмелер алды. «Ұлттық ұлан құрылған сәттен бастап қалыптасу мен жаңғырудың ауқымды жолынан өтті.
Arna Press,
22 апреля 2026
в 16:28
Абай ауданының Қарауыл гимназиясында «Жас Сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысы полиция департаменті баспасөзіне сілтеме жасап. Жаңа бастама өңірде алғаш рет қолға алынып отыр. Қазіргі таңда сынып құрамында 23 оқушы білім алуда.Салтанатты шараға ата-аналар, ардагерлер, педагогтар және полиция қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Аблай Нұрымов «Жас Сақшы» сыныбының лентасын қиып, оқушылар алғашқы анттарын қабылдады.Өз сөзінде Аблай Нұрымов бұл жобаның маңызына тоқталып, жас буынды тәртіпке, патриоттық рухқа және жауапкершілікке баулудың маңызды қадам екенін атап өтті.
Arna Press,
20 марта 2026
в 16:48
Абай ауданында Наурыз мерекесі қарсаңында 18 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Arnapress.kz облыс әкімдігі баспасөзіне сілтеме жасап.Қарауыл ауылында ұзақ жылдар бойы бос тұрған үш қабатты тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді. Пәтерлер мемлекеттік кезекте тұрған азаматтарға табысталды.Жалпы, жаңа тұрғын үйден 5 бір бөлмелі, 11 екі бөлмелі және 1 үш бөлмелі пәтер иелеріне кілттері тапсырылды.Айта кетейік, тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асқан.Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөзі
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді.
Arna Press,
07 апреля 2025
в 13:48
Семейдегі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам адам қатысып, 1000 текше метрден астам қоқыс полигонға шығарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыстың барлық қала-аудандарында сенбілік ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді.
Arna Press,
18 марта 2025
в 13:28
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.2017-2020 жылдары — республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2020-2021 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.2021-2022 жылдары — республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.2022-2024 жылдары — «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.2024-2025 жылдары — Абай облысы әкімінің кеңесшісі.Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Магнолия,
29 ноября 2024
в 17:48
Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы. Прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу сатысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ қабылдаған шешімдеріне келтірілген шағымдарды соттардың қарауы Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2 тармағында, 76-бабының 1 тармағында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабында бекітілген әркімнің сот арқылы қорғалу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып табылады, сондықтан соттар сот төрелігіне қол жеткізуді, сотқа шағыммен жүгіну негіздерін көздейтін және оларды қарау тәртібін реттейтін заң нормаларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге тиіс.
Arna Press,
28 октября 2024
в 21:28
Абай облысының құрылыс басқармасының басшысы болып Шыңғыс Риаханов тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шыңғыс Нұртасұлы Риаханов 1979 жылы 25 желтоқсанда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қолданбалы математика және информатика» мамандығы бойынша, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша бітірді.
Arna Press,
26 августа 2024
в 15:38
Қазақстанда коллекторлық агенттіктер кредиттер бойынша берешекті реттеуге міндеттелді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Құжат жеке тұлғаның (борышкердің) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша берешегі, оның ішінде сот шешімі бойынша өндіріп алынған немесе нотариустың атқарушы жазбасы негізінде берешек шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде борышкерді немесе оның өкілін оның коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар ететінін көздейді.Құжат коллекторлық агенттік басқаға беру туралы шат жасалған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша жеке тұлғаның берешегі, оның ішінде соттың шешімі бойынша немесе нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде өндіріп алынған берешегі бойынша борышкерді және оның өкілін Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес олардың (оның) берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішпен коллекторлық агенттікке жүгіну құқығы туралы хабардар етеді.Коллекторлық қызмет туралы заңға сәйкес берілген банктік қарыз шарты және микрокредит беру туралы шарт бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өтінішті коллекторлық агенттік қабылдауға, тіркеуге, есепке алуға және қарауға тиіс.Борышкер толық емес мәліметтер мен құжаттар ұсынған кезде коллекторлық агенттік оларды осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсыну мерзімін көрсете отырып және құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда борышкердің өтінішінің қараусыз қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, 10 (он) жұмыс күні ішінде сұратады.Борышкер сұратылған құжаттарды коллекторлық агенттік сұрату жіберген күннен кейінге 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынады.Коллекторлық агенттік борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарының өзгерістерімен келісетіні туралы шешім қабылдаған кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.Сот шешімі немесе нотариустың берешекті өндіру туралы атқарушылық жазбасы болған кезде, коллекторлық агенттік атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын жіберген кезде Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттік борышкердің ұсынылған талаптарға жауап беру мерзімін де көрсетеді, ол борышкер коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытты құрайды.Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарқан кезде, сондай-ақ борышкер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде коллекторлық агенттік пен борышкер арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізбеген кезде, борышкерге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту беріледі.Коллекторлық агенттіктің өтінішті қарауы борышкерге міндеттеме бойынша мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу талабын белгілемей жүзеге асырылады.Мерзімі өткен берешекті не оның бір бөлігін біржолғы өтеу коллекторлық агенттікке хабарлаған кезде борышкердің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.Өтінішті қарау кезеңінде және борышкерге шешім жіберілгенге дейін коллекторлық агенттік берешекті сотқа дейінгі өндіріп алуды және міндеттемені орындау бойынша наразылық-талап қою жұмысын жүргізуді тоқтата тұрады.Коллекторлық агенттік тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмейтін мерзімде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға:Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері (бұдан әрі – борышкер-әскери қызметші) бойынша негізгі борыш және берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау уақытында негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге төлемдерді кейінге қалдыру шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, шарт бойынша мерзімді ұлғайту және төлемдер мөлшерін сақтау түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы ұсынылады, бұл туралы борышкер-әскери қызметшіге шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланады.Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде борышкер-әскери қызметші (сенімхат бойынша борышкер-әскери қызметшінің мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлға) коллекторлық агенттіктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш жібереді.Коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдыру күшінің жойылғаны туралы хабардар етеді.Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңінде коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшіге мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабардар етуді тоқтата тұрады, сондай-ақ борышкер бойынша наразылық-талап қою жұмысын және заңды күшіне енген сот актісі, берешекті өндіріп алу туралы атқарушылық жазба бойынша атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға бастамашы болады.Борышкер-әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде коллекторлық агенттік борышкер қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін берешекті өндіруді қайта бастайды, наразылық-талап қою жұмысын қайта бастауға бастамашы болады және бұл туралы борышкерді шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабардар етеді.Ережелер сонымен қатар коллекторлық агенттіктің берешекті реттеу туралы шешім қабылдау тәртібін белгілейді.Құжатта сондай-ақ 2024 жылғы 1 қазанға дейін сатып алынған жеке тұлғалардың берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер борышкерді немесе оның өкілін коллекторлық агенттікке банк қарызы шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы өтінішпен жүгіну құқығы туралы қаулы қолданысқа енгізілген күннен кейін күнтізбелік 20 күн ішінде хабардар етуі тиіс делінген.Қаулы 2024 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.Фото: pexels
Arna Press,
06 июня 2024
в 17:38
Абай облысының геологиялық барлау колледжі базасында «Жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагері жұмыс істейді. Оның мақсаты — геология ғылымдарына баса назар аудара отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарды геология саласына тарту және танымдық қызығушылықты дамыту, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаның ерекшелігі — ғылыми зерттеулер мен туристік маршруттар арқылы жердің құрылымын зерттеу.
Arna Press,
01 июня 2024
в 19:38
Үржар ауылының Балалар саябағында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мереке аясында саябақта субұрқақ іске қосылды. Білім бөлімі балалар арасында Отан, отбасы, бейбітшілік тақырыбында сурет байқаулары мен көңілді эстафеталар, спорттық жарыстар ұйымдастырды.
Arna Press,
14 мая 2024
в 14:48
Абай облысы Қарауыл ауылындағы мектепте оқушылар тез тамырландыру жолы арқылы тропикалық өсімдіктер өсіруде. Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушылары Баян Қабдиева мен Дана Дәулетқызы зерттеу жұмыстары барысында өсімдіктерді, оның ішінде фикусты оңай көбейту жолдарын анықтады.
Магнолия,
18 апреля 2024
в 15:38
Қазақстан Республикасында тiл туралы Заңы 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды. Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Arna Press,
26 июня 2023
в 01:08
Бородулиха ауданында ауқымды өрт кезінде жаңбыр сұрап, дүға жасап отырған өрт сөндірушінің суреті әлеуметтік желіде лезде тараған еді. Arnapress.kz тілшісі сол суретте бейнеленген қызметкерді тауып, сұхбаттасып қайтты.Елдос Нұртазаев азаматтық қорғаныс саласында қызмет еткеніне бір-неше жыл болды. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде қызметін бастаған жігіт, бүгінде Семей қаласы №7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.