Қылышын сүйретіп қыс келіп қалса да Қызылту ауылының тұрғындары жылусыз отыр. Көктемде газ жүйесіне қосатын компаниямен келісімшарт жасасып, қыруар қаржы төлегендер арада 6 ай өткенімен үйлерінің түбіне келген газды қостыра алмай әлек. Жарты жылда газ қосылады дегенге сенген бұқара биыл көмір де сатып алмапты.