Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында еліміздің 16 өңірінен жүз отыздан астам мектеп оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін оқып, өз бақтарын сынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сайыс қорытындысы шығарылды. Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық «Абай оқулары» байқауы 6 номинация бойынша өтті: «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 24 қатысушы марапатталды.«Абай оқулары» сайысы барысында қатысушылар үшін Семей қаласының көрікті жерлеріне және Жидебай еліндегі Абай қорық-музейіне экскурсия ұйымдастырылды.Айта кетейік, «Абай оқулары» республикалық байқауы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді.