Популярные темы

ҚОЗҒАН: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау

Магнолия, 22 июня 2024 в 11:18

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес Әділет органдары атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады. Аталған бағыт азаматтардың өмірінде алатын орны ерекше әлеуметтік маңызы бар бағыттардың бірі болып табылады.

Соттар жекеше айыптау

Магнолия, 29 февраля 2024 в 17:38

Соттар жекеше айыптау
Соттар жекеше айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқа да конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керек. 2. Жекеше айыптауды қозғауға жәбірленушінің: 18 жасқа толған жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі -ҚПК) 71, 76-баптарында көрсетілген жәбірленушінің заңды өкілдерінің және өкілдерінің шағымы себеп болады. ҚПК-нің 32-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, егер әрекет дәрменсiз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзiне тиесiлi құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабiлетсiз тұлғалардың мүдделерiн қозғайтын болса, прокурор жекеше айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң шағымы болмаған кезде де iс қозғауы мүмкін. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты ҚПК-нің 57-тарауында белгіленген іс жүргізу ерекшеліктері жекеше айыптау бойынша іс жүргізу кезінде де қолданылатынын соттар есте сақтауы керек. Қылмыстық ізге түсуден артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты жекеше айыптау тек прокурормен заңда белгіленген тәртіпте және негіздерде қозғалады.

Қазақстандықтарға жұмыста әріптестерімен отырыс жасағаны үшін айыппұл салынады

Arna Press, 19 февраля 2024 в 12:28

Қазақстандықтарға жұмыста әріптестерімен отырыс жасағаны үшін айыппұл салынады
Әріптестермен жұмыс орнында туған күн немесе қызмет бойынша жоғарылауды атап өту салдары айыппұл немесе тіпті әкімшілік қамауға алу болуы мүмкін — егер үстелде алкоголь болса, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанда ішімдік ішу немесе мас күйде қоғамдық орындарға шығу әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатыны белгілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Arna Press, 03 января 2024 в 13:28

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.

Магнолия, 30 ноября 2023 в 17:38

Жекеше айыптау шағымдарын беру және оларды қарау тәртібі.
Жекеше айыптаушы — жекеше айыптау ісі бойынша сотқа шағым берген және сотта айыптауды қолдаған адам, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда сотта айыптауды дербес қолдаушы жариялы және жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленуші. Жекеше айыптаушы оған тиесілі құқықтарды пайдаланады және өзіне жүктелген міндеттерді жеке немесе, егер ол құқықтар мен міндеттердің сипатына сәйкес келсе, өкіл арқылы атқарады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі — ҚПК) 32-бабының екінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстерге жататын жекеше айыптау iстерi бойынша iс жүргiзу, 47 тарауда белгiленген алып қоюларды қоспағанда, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.

Рашид Аюповтың ісі. Сотталушы 100 мың доллар алды деп сотта талқылауда

Vera.kz, 24 августа 2023 в 15:09

Рашид Аюповтың ісі. Сотталушы 100 мың доллар алды деп сотта талқылауда
Жалған айғақтарбергені үшін адвокаттар өтініш беруші – олигарх пен оның ұлын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды, деп хабарлайды vera.kzАстана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында жасырын тергеу әрекеттерін зерделеу шеңберінде Рашид Аюпов пен Еркебұлан Ілиясовтың (олигарх – арызданушы Қожабаевтың ұлы) арасындағы әңгіменің аудиожазбасы тыңдалды. Әңгімелесудің бірі 2022 жылдың жазында Шымкент қаласының караоке барларының бірінде өтті.Жазбада Ілиясов пен Аюпов Қожабаевтың 2022 жылдың сәуір айында Аюпов пен Әбдірахымов Ғабидоллаға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берген өтінішін талқылап жатқаны естілді.

Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды

Arna Press, 30 мая 2023 в 19:28

Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды
Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.15 мамыр күні сағат 18:53-те «101» пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 7 новостей из 7