Arna Press,
21 мая 2026
в 13:38
Қазақстанда балалар лагерьлеріне қойылатын талап күшейтілді. Енді еліміздегі балалар сауықтыру орталықтары бірыңғай стандарт бойынша жұмыс істейді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігі 2026 жылдың 1 сәуірінен бастап алғаш рет балалар лагерьлерін лицензиялау жүйесін енгізді.
EKaraganda.kz,
05 марта 2026
в 12:35
Таныстырылымның басты оқиғасы — Xiaomi мен Leica арасындағы стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі туралы хабарлама болды. Енді әріптестік бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар форматынан стратегиялық бірлесіп жасау моделіне өтті. Бұл өнімді әзірлеудің барлық кезеңдерінде терең интеграцияны білдіреді.
Arna Press,
26 января 2026
в 14:08
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі. Сонымен қатар Қызылқоға аудандық «Ұлан» балалар мен жасөспірімдер клубында «Бес асық» ұлттық ойыны бойынша жаттықтырушы Қайрат Өміргүл Қайратқызының истаграм желісінде асық үйреткен видеосын көріп Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, сұхбаттасты. «Ұлттық спорт түрі — бес асықты 2023 жылдан бастап жүйелі түрде үйретіп келемін.
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
11 марта 2025
в 15:08
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.Облыс әкімі жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілгенін жеткізді. Соның нәтижесінде қаржыландырудың басым бағыттары анықталды. Ал үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады.Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2028 жылға дейін жүзеге асырылатын 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталғаны туралы баяндалды.
Arna Press,
20 мая 2024
в 20:08
Қазақстан Үкіметі «Қазгидрогеология «Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» 2024 жылғы 23 сәуірдегі қаулыға қол қойды,деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен «Қазгидрогеология» Ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын», — делінген құжатта.КЕАҚ қызметінің негізгі нысаналары жерасты су ресурстарын басқаруды цифрландыру, гидрогеология және геосүзілу модельдері саласындағы дерекқорларды және тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелерді, цифрлық, картографиялық дерекқорларды және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып, оларды басқару жүйелері саласында тұрақты жұмыс істейтін геоақпараттық жүйелер құру болып айқындалды.КЕАҚ жарғылық капиталын қалыптастыру ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» РМК балансында тұрған республикалық мүлік есебінен белгіленді.Сурет: pixabay
Arna Press,
17 января 2024
в 19:18
Абай облысында білім беру және энергетика саласында мамандар тапшы, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазіргі таңда Абай облысында 3 975 бос жұмыс орны болса, оның 790 тұрақты жұмыс орны. Тұрақты жұмыс орындарының жалақысы 85 мың теңгеден 865 мың теңгеге дейін», — делінген облыстық әкімдік таратқан ақпаратта.Сондай-ақ мемлекет тарапынан субсидияланатын, жалақысы 85 мың теңгеден басталатын уақытша жұмыс орындарына үш мыңнан астам бос жұмыс орындары бар.Тұрақты жұмыс орындарына келесі кәсіби бағыттар бойынша кадрларға негізгі қажеттілік анықталды:Сурет: ашық дереккөздерден
Tengrinews,
15 ноября 2023
в 09:33
Прогерия ауруына шалдыққан Қазақстандағы жалғыз адам Нұржан Өркешбаев емделуге ниеті болса да, ешқандай жеңілдіктер жоқтығына налиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз. «Жағдайымды кімге барып, айта берейін? Мейлі облыстың дәрігерлері болсын, шенділері болсын, ешқайсысы денсаулық жағдайымды сұрап жатқан жоқ.
Arna Press,
28 июля 2023
в 13:58
Жұмыссыздықты азайту үшін облыс әкімдігі тұрақты жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылы облыс көлемінде 25 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл бірінші тоқсаннның қорытындысына сәйкес Абай облысында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады.