Алматы облысында «Алтын Орда» базары басшысының бұрынғы орынбасары Ермек Марқабаевқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.Телеарна мәліметінше, алдын ала тыңдау Қарасай аудандық сотында өткен. Оған сотталушының адвокаттары мен туыстары қатысты. Айта кетейік, Ермектің өзі сот залында болмады, ол процеске онлайн қосылуға мәжбүр болған.