Arna Press,
13 июля 2026
в 16:48
Әр баланың бойындағы талантты дер кезінде байқап, оны шыңдау — ең алдымен ата-ананың қолдауынан басталады. Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектептің 5 «В» сынып оқушысы Азиза Касенова – жастығына қарамастан халықаралық, республикалық және облыстық байқауларда топ жарып жүрген дарынды оқушылардың бірі. Оның шығармашылық жолы, жетістіктері мен армандары туралы анасы Айнұр Касымжанова Arnapress.kz тілшісіне әңгімелеп берді.Айнұрдың айтуынша, Азиза кішкентай кезінен өнерге жақын болып өскен. Ән айтуға, музыка тыңдауға ерекше қызығушылық танытып, кейін жетіген аспабын меңгеруге бел буған.
Arna Press,
20 мая 2026
в 12:48
Дайвер деген кім? Бұл — арнайы жабдықтың көмегімен су астына сүңгіп, теңіз бен мұхиттың тылсым әлемін зерттейтін адам. Көпшілік дайверлер міндетті түрде теңіз жағасында туып-өсуі керек деп ойлайды. Алайда бүгінгі кейіпкеріміз Қанат Әбдиевтің тағдыры бұл түсінікті өзгертеді. Ол — бала күнінде теңізді көрмей өскен қыр баласы.
Arna Press,
13 мая 2026
в 16:58
Семей қаласында Абай өңірлік дизайнерлер одағының мүшесі, суретші әрі дизайнер Үсен Сәкенұлы Шаяхметов Arnapress.kz тілшісіне сұхбат беріп, өнерге келу жолы, шығармашылық ізденісі мен жастарға берер кеңесі туралы айтты.Үсен Сәкенұлы 1995 жылы 23 сәуірде Аягөз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы Абай облысының Үш-Биік ауылында өткен.
Arna Press,
28 апреля 2026
в 14:38
Жақында Щучинск қаласында өткен тоғызқұмалақтан ересектер арасында рапид және блиц түрінен жекелей чемпионатта жүлделі орынға ие болған Семейлік Аяна Исаханмен Arnapress.kz тілшісі байланысқа шығып, жақын танысып, тілдесті.Исахан Аяна Жарасқызы — тоғызқұмалақтан Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әйелдер арасындаға II дүркін Азия чемпионы, әйелдер арасындағы чемпионаттың күміс жүлдегері, Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы, Жастар арасында Азия чемпионы.«Мен Абай облысы, Семей қаласының тумасымын.
Arna Press,
18 марта 2026
в 14:08
Қазақтың бай мұрасы мен ұлттық болмысын бүгінгі күнге жеткізіп жүрген шеберлердің бірі — қолөнер шебері, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері, мәдениет саласының үздігі Бұлбұл Кәпқызы. Оның әрбір туындысы — тарихтың ізі, ұлттың үні, дәстүрдің жалғасы. Arnapress.kz тілшісі Бұлбұл Кәпқызымен сұхбаттасып, ұлттық өнердің құндылығымен таныстыАстаналық шебердің айтуынша, өнерге деген қызығушылығы бала кезден басталған. Әжесінің қасында жүріп, киіз үйге қажетті бұйымдарды жасаудың қыр-сырын меңгерген ол, бау тоқудан бастап, сырмақ пен түскиіз тігуге дейінгі барлық процесті көзбен көріп, қолмен ұстап өскен.«Өнерге бала кезден құштар болдым. Қырлы сырмақтың үстінде өсіп, киіз үйдің барлық керек-жарақтарын әжемнің қасында отырып үйрендім. Әжеме көмектесіп, бау, ши тоқып, өрмек тоқып, сырмақ, түскиіз тіккендерін көріп, бойыма сіңірдім.
Arna Press,
12 января 2026
в 02:58
Кездейсоқ сұхбат барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің көпшілік біле бермейтін бірқатар мәселелері белгілі болды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Таңның атысы, кештің батысына дейін рөл тізгіндеп, халыққа қызмет көрсетіп жүрген автобус жүргізушілерінің еңбегі қашанда ерен. Күн сайын жүздеген жолаушыны діттеген жеріне жеткізу – үлкен жауапкершілік.
Arna Press,
21 августа 2025
в 19:28
Абай облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан өңір ұстаздарымен кездесіп, жаңа оқу жылындағы басым бағыттар туралы сұхбат берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Вице-министрдің айтуынша, 2025–2026 оқу жылынан бастап еліміздегі барлық білім беру ұйымдарында, соның ішінде жекеменшік мектептерде де тәрбие жұмысы «Адал азамат» атты бірыңғай бағдарлама негізінде жүргізілетін болады.«Бұл – бұған дейін іске асырылған «Біртұтас тәрбие» тұжырымдамасының жалғасы.
Arna Press,
09 июня 2025
в 20:08
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ІІІ сессиясы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбындағы жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.Сессияны ашқан облыс әкімі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтудағы рөлінің зор екенін атап өтті.«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде «Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді.
Arna Press,
01 апреля 2025
в 11:48
Orda.kz сайтындағы спорт жаңалықтары еліміздегі және әлемдегі басты апаратты жедел таратуда.Қазақстандағы жетекші ақпараттық порталдардың бірі Orda.kz спорт жаңалықтарын жедел әрі нақты таратып, оқырмандарына спорт әлеміндегі маңызды оқиғалар туралы шынайы ақпарат ұсынуда. Сайттың спорт жаңалықтарына арналған айдары – жанкүйерлер мен спортсүйер қауымы арасында жақсы қабылданды.Айта кетейік, Orda.kz порталындағы спорт жаңалықтары айдары бірқатар ерекшеліктерімен көзге түседі.
Arna Press,
29 декабря 2024
в 00:48
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасын» әзірлеген. Оның мақсаты қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету, сенімді қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру. Бүгінгі таңда аталған функционал сәтті іске асуда. Өңірімізде бұл карта аясында қандай жұмыс жасалып жатқаны жайлы түсіндіру үшін Абай облысы прокуратурасының Қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Әсет Мұқашев Arnapress.kz тілшісіне сұхбат берді. — Әсет Слямханұлы, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» қандай мақсатта әзірленді және оның негізгі функциялары қандай? — Бұл карта қылмыстар туралы өтініштерді тіркеудің ашықтығын қамтамасыз ету және қылмыстылық туралы сенімді статистиканы қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Arna Press,
25 января 2024
в 19:38
Мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын хабарлама, әлеуметтік желідегі жалған ақпарат... Назар аударсақ кейінгі кездері «фэйк» жаңалықтар азайды. Бұған бір себеп әлеуметтік желіде жалған ақпаратты таратқан үшін жауапкершілік қатайып, заңнамаға өзгерістердің енуі. Абай облысында бүгінде осы бағытта заң бұзғандар бар ма? Қандай жауапкершілік көзделген?
Arna Press,
03 января 2024
в 13:28
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.
Tengrinews,
15 ноября 2023
в 10:23
Қайғыдан қан жұтқан әке ұлы мен қызының өліміне кінәлі көршінің бостандықта тайраңдап жүргеніне және тергеудің өте баяу жүріп жатқанына шағымданды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар. 4 баланың әкесі Жанболат Келмегенов қас қағым сәтте-ақ, 2 жарым жастағы қызы Мәриям мен 10 айлық ұлы Берекеттен айрылып қалды.
Tengrinews,
06 ноября 2023
в 09:33
Елімізде істің көзін тауып, кәсібін дөңгелетіп отырған адамдар жетерлік. Солардың бірі — Нұрбол Ержанұлы. Ол кәріс азаматынан кәдесый жасауды үйреніп, 9 жылдан бері өз өнімін өндіріп келеді. 50 мың теңге қарыз алып бастаған кәсібінің бүгінгі таңдағы жылдық айналымы 400 миллион теңгеге жеткен. Мемлекеттен мүлдем көмек алмай, кәсібімен шекараның сыртына дейін танымал болып отырған азаматпен Massaget.kz тілшісі тілдесіп қайтты.
Arna Press,
31 октября 2023
в 18:58
Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.31 қазан күні сағат 14:21 шамасында «102» арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді. Қазіргі таңда азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.Сурет: Polisia.kz
Arna Press,
04 октября 2023
в 11:48
Көпбалалы ананың айтуынша, білім ордасының мұғалімдері мен психологы бірінші сыныпта оқитын қызды өгей әкесі зорлады деп топшылап, жедел жәрдем шақыртқан деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ktk.kz телеарнасына сілтеме жасап.Ал аурухананың гинекологы қызды ата-ананың қатысуынсыз қарап, жатырына зақым келді деген диагноз қойыпты.