Популярные темы

су тасқыны: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Абай облысы — су тасқыны қаупі бар қауіпті аймақ: премьер-министр тапсырмалар берді

Arna Press, 05 марта 2026 в 17:18

Абай облысы - су тасқыны қаупі бар қауіпті аймақ: премьер-министр тапсырмалар берді
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты

Arna Press, 08 мая 2025 в 13:38

Абай облысының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты
Аягөз ауданының оқушылары апат кезінде қолдануға болатын су сүзгісін ойлап тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушылары Ильяс Закиров пен Диас Дастанов қарапайым заттардан тиімді су сүзгісін жасап шығарды.

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты

Arna Press, 17 марта 2025 в 17:48

Абай облысының әкімі бірқатар басқарма басшыларына ескерту жариялап, кейбіреулерін қызметінен босатты
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.

Ел аумағының 71%-ында қар жатыр

Arna Press, 12 марта 2025 в 11:48

Ел аумағының 71%-ында қар жатыр
Үкімет отырысында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71%-ында қар жатқанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Еліміздің оңтүстігінде: Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, батысында: Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қар еріп жатыр», — деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы.Ол 11 наурыздағы жағдай бойынша қар астында жатқан аумақ 71%-ды құрайтынын, дегенмен бұл өткен аптаға қарағанда 15%-ға аз екенін атап өтті.«Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін.

Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды

Arna Press, 03 февраля 2025 в 19:58

Қазақстанда мектептердің рекордтық саны салынды
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар.

Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Arna Press, 22 октября 2024 в 19:28

Абай облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары жүргізілді.
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Абай облысының бірнеше ауданында жергілікті атқарушы органдарының жұмысы тексеріліп, Құзырлы органдық тарапынан бағалау жүргізілді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бесқарағай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма және Бородулиха аудандарында жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, бірнеше маңызды қорытындылар жасалды.Бесқарағай ауданында 12 елді мекен су тасқыны қаупі жоғары аймаққа жатады.

«Болашақ» бағдарламасымен Еуропада оқып жатқан жастарға үндеу жасалды

Arna Press, 17 сентября 2024 в 20:08

«Халықаралық бағдарлама орталығы» АҚ бүгін, 2024 жылдың 17 қыркүйегінде Орталық және Шығыс Еуропадағы қолайсыз ауа райы жағдайларына қатысты үндеу жасап, «Болашақ» шәкіртқасының иегерлеріне жүгінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ресми хабарламада Орталық және Шығыс Еуропада «Борис» дауылының салдарынан туындаған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты Халықаралық бағдарламалар орталығы аталған аймақта білім алып жатқан стипендиаттармен тығыз байланыста болып, жағдайды мұқият қадағалап отырғаны айтылады.

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді

Arna Press, 19 июля 2024 в 13:08

Үкімет су тасқынынан кейін инфрақұрылымды қалпына келтіруге қосымша 22,7 млрд теңге бөлді
Қазақстан Үкіметі көктемгі су тасқыны салдарын жоюға және зақымдалған инфрақұрылымдық нысандарды қалпына келтіруге төтенше резервтен қосымша 22,7 млрд теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қаражат Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды, сондай-ақ көпірлер мен су өткізгіш құрылымдарды қалпына келтіруге, реконструкциялауға және құрылыс жұмыстары үшін әкімдіктерге бөлінеді.Атап айтқанда, Ақтөбе облысында 31 жоба жүзеге асырылып жатыр.Олардың ішіндеАқмола облысында Атбасар қаласына апаратын жол бөлігін, Атбасар – Сочинское автожолын қайта жаңарту, Жалтыр – Макинск автожолын, Қалқұтан ауылына, Жамбыл және басқа да елді мекендерге кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды

Arna Press, 12 июня 2024 в 18:38

Облыста суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті сақтау мақсатында кезекшілік ұйымдастырылды
Күн тәртібінде суға шомылу маусымында өңірдегі өзендер мен көлдерде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, маңызды әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ қазіргі жағдай туралы айтты

Arna Press, 20 мая 2024 в 11:48

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ қазіргі жағдай туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Петропавлда су басқан қалған 29 аула аумақтарын сору жұмыстары жалғасып жатыр. Тәулігіне 153 320 текше метр су сорылды.

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде

Arna Press, 10 мая 2024 в 11:58

Жайықтағы су деңгейі үздіксіз көтерілуде
ҚР ТЖМ Атырау облысы тұрғындарына Жайық өзеніндегі су деңгейінің біршама көтерілгенін айтып, ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомстваның хабарлауынша, Атырау облысы Индер ауданы Индербор елді мекені Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуде.Қазіргі таңда Қызылорда облысы ТЖД күшімен бөгетті нығайту жұмыстары жүргізілуде.Су тасқыны басталған кезеңнен бері 8 мамырдағы жағдай бойынша, апаттық-құтқару жұмыстарына 17,5 мың адам жұмылдырылды.Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

«Теңгенің нығайғаны жақсы емес». Экономистер қызық үрдіс туралы айтты

Arna Press, 04 мая 2024 в 11:58

Теңге неге байланысты нығайып отыр? Экономикаға қандай әсер береді? Су тасқынынан келген шығынға бюджеттен қанша қаржы кетеді? Massaget.kz тілшісі экономистерден сұрап білді. «Ұлттық банк теңгенің бағамын тұрақты ұстап тұру мәселесін алға қойған. Бұл біздің инвестициялық және экономикалық бағытта тұрақты дамуыңызға әсер етеді.

Еліміздің үш облысындағы автомобиль жолдарын су шайып кетті

Arna Press, 18 апреля 2024 в 11:28

Еліміздің үш облысындағы автомобиль жолдарын су шайып кетті
Еліміздің 3 облысындағы автомобиль жолдарын су шайып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды.«5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.» «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметіВедомства ақпаратынша, қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.Сурет: unsplash

Тоқаев имидждік және ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді

Arna Press, 16 апреля 2024 в 18:28

Тоқаев имидждік және ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді
Мемлекет басшысы еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, сондай-ақ бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу жөнінде тапсырма берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мен бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында ірі халықаралық форумды өткізуден бас тарттым.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті

Arna Press, 16 апреля 2024 в 12:28

Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті
Еліміздің бірқатар өңірлерінде тас жолдарды су шайып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6850 метр болатын су тасқыны орын алды.5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады

Arna Press, 08 апреля 2024 в 15:28

Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады
Абай облысында ішек аурулары туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. «Ертіс өзеніне су басқан ауылдардан тасқын су құйылып жатыр. Су астында зираттар мен мал қорымдары қалды, қалада ішек аурулары жиілеп кетті. Сондықтан құбыр суын ішпеңіз, тіпті бұл сумен тістеріңізді тазалай алмайсыздар.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті

Arna Press, 04 апреля 2024 в 20:58

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті
Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды.

Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті

Arna Press, 27 февраля 2024 в 20:28

Семейде соңғы  үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті
Семейде соңғы үш күнде жауын-шашын мөлшері айлық нормадан асып түсті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазгидромет» филиалының мәліметінше, жауын-шашын мөлшері:. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшірілді. Қазіргі уақытта біздің қала су тасқынына қарсы ауқымды іс-шаралар өткізуде.

Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты

Arna Press, 21 августа 2023 в 12:58

Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты
Маңғыстау облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан облыстың түкпір-түкпіріндегі көшелерді, аулаларды, ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, нөсер жаңбыр салдарынан Жаңаөзендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің төбесінен су атқылаған.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 24 новости из 24