Arna Press,
18 марта 2026
в 11:28
17 наурыз күні кешкі сағат 20:00 шамасында кол-орталыққа Гастелло көшесіндегі өндірістік цехты су басты деген хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz полиция департаментіне сілтеме жасап.Алайда оқиға орнына жедел жеткен қызметтер ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады — су басу дерегі тіркелмеген.Тексеру барысында бұл хабарламаға негіз болған фотосуреттердің жасанды интеллект көмегімен жасалғаны белгілі болды.
Arna Press,
10 марта 2026
в 20:08
Әлеуметтік желілерде Семей қаласында су басу жағдайына қатысты тұрғындардың шағымдары көбейіп жатыр, деп хабарлайды Arnapress.kzЖеліде тараған жазбалардың бірінде қала тұрғыны өзі тұратын үйдің шатыры ағып, пәтерін су басып жатқанын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, ол Дулата Бабатайұлы көшесіндегі көпқабатты үйдің 10-қабатында тұрады. Қазіргі уақытта төбеден су ағып, пәтердің бірнеше бөлмесіне — ванна, зал және дәлізге су кетіп жатқанын жеткізген.Сондай-ақ тұрғын үйінде кішкентай екі баласы бар екенін айтқан.
Arna Press,
05 марта 2026
в 17:18
5 наурызда премьер-министр республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға су тасқыны қаупіне байланысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Arnapress.kz. Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҮкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында мұз қабатының қалыңдығы 4 сантиметрге дейін жетіп, топырақтың 2 метрге дейін қатқаны байқалғанын айтты.Премьер-министр экология министрлігіне гидрологиялық мониторинг жүргізіп, ауа райына қатысты ескертулерді дер кезінде жеткізуді тапсырды.
Arna Press,
03 марта 2026
в 11:38
Абай облысы әкімінің төрағалығымен көктемгі су тасқынына дайындық шаралары бойынша арнайы жиын өтті деп хабарлайды Arnapress.kz облыс баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңеске тиісті басқарма басшылары мен департамент жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері бейнережим арқылы қосылды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша Қазгидромет РМК Абай облысы бойынша филиалының директоры Ляззат Болатқан, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мерей Байырхан және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мирас Тоқтарханов баяндама жасады.
Arna Press,
05 ноября 2024
в 17:38
Алматыда алдағы күндері қар жаууы мүмкін. Осыған байланысты әкімдік өкілдері жүргізушілерге ескерту жасап, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасапӘкімдіктің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, Алматыда 5-8 қараша аралығында жаңбыр, ал 7 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, сынап бағанасы +2°C-қа дейін төмендейді.«Су басу мен көктайғақтың алдын алу үшін 490 арнайы техника және 1120 жұмысшы жұмылдырылды.
Arna Press,
22 октября 2024
в 19:28
2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық шеңберінде Абай облысының бірнеше ауданында жергілікті атқарушы органдарының жұмысы тексеріліп, Құзырлы органдық тарапынан бағалау жүргізілді, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бесқарағай, Ақсуат, Көкпекті, Жарма және Бородулиха аудандарында жүргізілген тексерістердің нәтижесінде, бірнеше маңызды қорытындылар жасалды.Бесқарағай ауданында 12 елді мекен су тасқыны қаупі жоғары аймаққа жатады.
Arna Press,
25 апреля 2024
в 10:48
Облыста кейінгі тәулікте үйлерді су басу жағдайы тіркелген жоқ, деп хабарлайды деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.КТК телеарнасының мәліметінше, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының су басқан аудандарында полиция мен құтқарушылар аумақтарды тексеріп, үйде қалып қойған тұрғындарды іздеуді жалғастыруда.