Қазақстандағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.Министрліктің Telegram-арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Қазақстан аумағында Нипах вирусын жұқтыру немесе оны елге әкелу жағдайлары тіркелмеген. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуал тұрақты және толық бақылауда.Ведомствоның мәліметінше, алдын алу мақсатында және Үндістандағы Нипах вирусына байланысты эпидемиологиялық жағдайға орай, мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пунктінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Үндістаннан және ауру тіркелген Оңтүстік-Шығыс Азияның өзге елдерінен келген азаматтарға ерекше назар аударылады. Қолайсыз елдердің тізімі тұрақты түрде қайта қаралып, жаңартылып отырады.Сондай-ақ министрлік медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілгенін хабарлады.