Құрбан айт — барлық мұсылмандар үшін басты мерекелердің бірі. Жылдағыдай, мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Биыл ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мақсатында қала шегінде уәкілетті органдармен келісім бойынша Семей қаласында мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды: «Северный» СЛО, «JOLOMAN» СЛО; «Семей вет» ЖШС, «SAIKAN AGRJ» ЖШС.Халық арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының таралуын болдырмау мақсатында ұсынамыз:«Үйде қонақтардың қолын жууға және асханаларды желдетуге жағдай жасау ұсынылады.